"Мейірімді жүрек " атты қайырымдылық концерті өтті

Автор: admin от 26-01-2019, 17:30, посмотрело: 493

      Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігінің 2019 жылғы 10 қаңтар-10ақпан аралығында "Қамқорлық " дəстүрлі республикалық акциясы аясында #8 орта мектебінде "Мейірімді жүрек " атты қайырымдылық концерті өтті. Акция көп балалы, аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жəне мүгедек балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Мерекелік кешке Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Феруза Нарман, мектеп түлегі Адаев Саят, Ынтызалиев Әлібек қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ барша қатысқан оқушылар мен ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз!

 

Категория: Мектеп дәстүрі