» Материалы за Февраль 2019 года

 
 
 

Ұлқабай Сансызбай Жәдігерұлымен кездесу

Автор: admin от 13-02-2019, 16:21, посмотрело: 644

#8 орта мектебінде оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының маманы Ұлқабай Сансызбай Жәдігерұлының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында ақпараттық парақшалар ұсынылып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар маман тарапынан толық ақпарат және сұрақтарға жауап алды.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Қыз – елдің көркі»

Автор: admin от 12-02-2019, 17:08, посмотрело: 577

Бүгін, 12.02. күні №8 орта мектебінде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығымен бірлесе отырып, жоспарлы түрде « Қыз – елдің көркі» атты оқу бағдарламасы аясында 8-класс  қыз балаларының қатысуымен, оқу-танымдық кездесу сабағы өткізілді. «Анаға тағзым» орталығының Ұлттық этика пәні мұғалімі Айсын Байтакова және Ұлттық этнография пәні мұғалімі Айнұр Мақсатқызының жүргізуімен, мектептегі қыз балалардың бойында ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, адамгершілік, ибалылық секілді қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараның берер тағылымы мол. Бұл танымдық сабақтар жоспарлы түрде жалғасын табады.

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы

Автор: admin от 11-02-2019, 16:15, посмотрело: 508

#8 орта мектебінде қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары;
2. Педагог мәртебесі туралы Заң жобасын таныстыру, талқылау;
3. Бос білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындаудағы қамқоршылық кеңесінің рөлі.

 

Категория: Мектеп дәстүрі