6 қыркүйек күні №8 жалпы білім беретін орта мектебінде "Діни тұрақтылық-болашақ кепілі" тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 1-сынып ата-аналары мен теолог мамандар арасында кездесу өтті. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының Нұр-Астана мешітінің бас имамы, Дін мəселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұқанов Асқар Əбітайұлы және Ақтөбе қаласының Дін мəселелері және қоғаммен байланысы жөніндегі орталығы КММ директоры Құдайберген Мақсат Мұратұлы қатысты. Ата-аналар теолог мамандардан өздерін мазалап жүрген сауалдарға нақты жауаптарын алды.