Онлайн кітапхана

Автор: admin от 14-01-2020, 13:15, посмотрело: 278

Бүгінде бүкіл дүниежүзілік мұраны іс жүзінде арнайы орын не жай бөлмей-ақ, үйге не кеңсеге сыйдыруға болады. Электронды кітапханаға Интернетке қосылған кез келген компьютер не мобильді құрылғы арқылы қол жеткізе алуға болады. Қажетті кітапты табу қиындық туғызбайды. Электронды кітапхананың міндетті элементтерінің бірі болып баспалдақты құрылымды электронды каталог саналады, ол кітапты қосу не жою шараларына байланысты автоматты түрде толықтырылады және жаңартылады. Сонымен қатар, электронды кітап қоймасында іздеу жүйесі қарастырылған, мұнда кітапты атауымен, авторымен, шығу мерзімі және басқа деректерге байланысты тауып алуға болады.
Мектеп кітапханасында көркем әдебиеттер топтастырылған онлайн тақтасы орналасқан. Оқырман QR код бағдарламасы арқылы қалаған көркем шығарманы қиындықсыз оқи алады. Онлайн тақтасы қызмет етуде инклюзивті оқытуды жүзеге асыруда да тиімді көрінеді. 2017 жылдан бастап кітапханадағы онлайн тақтасын оқушылар жүйелі пайдаланып, көркем шығармаларды оқуда заманауи үлгісін пайдаланып келеді.

 

Категория: Мектеп дәстүрі