МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҮШ КҮНДІК ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін, Ақтөбе облыстық білім басқармасының және облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «ЖАС БАСШЫ МЕКТЕБІ» жобасы аясында «Мектептегі менеджмент: тиімді басқару және сапалы білім» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорларына арналған үш күндік оқыту семинары бастау алды.
Семинардың мақсаты: білім беруде мектеп директорларының кәсіби құзіреттілігін арттыру, мектепті тиімді басқаруға, сапалы білім беруді ұйымдастыруға ықпал ету.
Үш күндік семинардың бағдарламасы бойынша бірінші күні облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы басшысының орынбасары Ж.Ә.Исатаева семинарды ашып, мектеп директорларының құзыреттілігі туралы айтты. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу туралы» Ақтөбе облысының білім басқармасы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Г.Қ.Құлыбекова, «Кәсіби этика және педагогикалық қарым-қатынас» Ақтөбе облысының білім басқармасының әкімшілік жұмыстар бөлімінің басшысы А.Б.Хасен, «Білім беру ұйымдарының қаржы шаруашылық қызметті ұйымдастыру» бюджетті жоспарлау және болжамдау бөлімінің басшысы А.З.Тындыбаева, «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы» балалардың құқықтарын қорғау, қамқоршылық, қорғаншылық, арнаулы білім беру бөлімінің бас маманы М.Ж.Нургалиева бөлісті.
Нормативтік-құқықтық актілеріне әлеуметтік көмек және ыстық тамақ ұйымдастыру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер жөнінде балалардың құқықтарын қорғау, қамқоршылық, қорғаншылық, арнаулы білім беру бөлімінің бас маманы Б.К.Айтбаева мәлімдесе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы мектептің рөлі туралы қосымша білім беру және тәрбие беру бөлімінің басшысы А.И.Избасаров айтып берді.
Семинардың практикалық бөлімі «Басқару менеджменті: мектеп тәжірибесі» тақырыбы бойынша Ақтөбе қаласындағы №8 ОМ, Новый ОМГ және Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияларға топқа бөлініп тәжірибе бөлісті.