"Танымның бір тамшысы - кітапта"

Автор: admin от 28-09-2022, 19:34, посмотрело: 74

Кітап - адамзат өміріне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан рухани құрал. Адамгершілігі жағынан мәдениетті адамдар, саналы еңбеккерлер кітапқа деген терең сүйіспеншілікке бөлінген жанұялардан өсіп шығады. Бірақ, қазір рухани жетілдірді басым көпшілігіміз кітаптан емес, ғаламтордан іздеп жүргеніміз сөзсіз...
Шығыс ойшылы Әлішер Науай: "Кітап- ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына" десе, Абай атамыз "Танымның бір тамшысы - кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа" деп насихаттаған.
Осынау даналық сөздерді негізге ала отырып, кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттер топтамасын оқырман назарына ұсынамыз!

Категория: Жаңалықтар