» Материалы за Сентябрь 2022 года » Страница 2

 
 
 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Автор: admin от 21-09-2022, 12:55, посмотрело: 75

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Мектеп ауласына кірер қақпада (3.2) көрсетілген мекемеге бөгде адамдарға өтуге тыйым салынатындығы туралы жол жүру белгісі және балалар белгісі орнатылған.
Көрсетілген жол белгілерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!!

Категория: Хабарландыру

 

"Менің шағын Отаным"

Автор: admin от 19-09-2022, 17:28, посмотрело: 63

Бүгін, 56 орта мектебінің базасында жас тарихшылардың V Республикалық "Менің шағын Отаным" зияткерлік байқауының қалалық кезеңі өтті. 2 турдан тұратын байқауға барлығы 100-ден аса оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Дусипова Ғазиза жүлделі III орын иеленді.
Жетекшісі : Тулебаева Нұржамал

Құттықтаймыз!!!

Категория: Жаңалықтар

 

"Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу"

Автор: admin от 18-09-2022, 16:38, посмотрело: 68

Білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған тәрбие шараларының бірі мектеп инспекторларымен жүргізілетін кездесулер.
Осы орайда 9 қыркүйек күні 8-11 кластар аралығында Алматы аудандық #3 ҚПБ полиция инспекторлары Е.С.Қосжанов, А.Б.Ниеталин "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында білім алушыларға қазіргі таңдағы өзекті мәселелер төңірегінде ақпарат берді.

Категория: Жаңалықтар

 

Ұжыммен бірге сенбілік!

Автор: admin от 17-09-2022, 17:51, посмотрело: 68

Ұжыммен бірге сенбілік!
Осы ұранмен мектеп ұжымы күзгі санитарлық екі айлық қаланы тазарту және абаттандыру шарасын қолдап, мектеп ауласын ретке келтірдік.

Категория: Жаңалықтар

 

Мектеп автобусы өз жұмысын қайта бастады.

Автор: admin от 16-09-2022, 10:10, посмотрело: 60

Биылғы 2022-2023 оқу жылына мектеп автобусы өз жұмысын қайта бастады.
Қазіргі таңда 100-ден аса білім алушы мектеп автобусы қызметін пайдаланып отыр.
Мектеп автобусы - қоғамдық көлік.
Білім алушылардың қоғамдық көліктегі тәртібі мен өзгелерге қарым-қатынасы, олардың бір- біріне деген құрметінің артуы тәрбиелік шараларға тікелей байланысты.
16 қыркүйек күні #3 ҚПБ полиция бөлімінің аға лейтенанты Б.А.Теміржанқызы білім алушыларға
жолда жүру ережелерін;
автобус ішіндегі қарыс-қатынас, үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқорлық көрсету;
Аялдамада немесе автобустан түсер уақытта ???? секілді заттарды пайдаланбау;
Мектеп автобусына жол беру;
Тәрбиеші мұғалімдердің рұқсатынсыз артық әрекеттерге бармау керектігін қатаң ескертіп, профилактикалық жұмыс жүргізді!

Категория: Жаңалықтар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine