Ақтөбе қаласы,жалпы білім беретін №8 орта мектептің кітапханасында өткізілген "Киіз үйдегі қызықты ертегі" танымдық сағатының басты мақсаты: "Оқырман қауымның (оқушылардың) кітапқа деген қызығушылығын ояту,халқымыздың ұлттық тәрбиесін ұштастыра отырып ,сыни ой-өрісін дамыту,ұжымдық орта қалыптастыру."
Танымдық сағат барысында оқушылар, киіз үй ішінде отырып,қазақи дәстүрде еркін ой бөлісіп,сұраққа жауап беріп,ертегі тыңдап,алған әсерлері мен түсінгендері бойынша кері байланысқа түсіп,белсенділік таныта білді.
@obrazovanie_gorod_aktobe