15 мамыр - Халықаралық отбасы күні қарсаңында мектебіміздің 4-5 сыныптары арасында "Үлгілі Отбасы" атты байқауы өткізілді. Байқау бір ай бойына жалғасты. Отбасылық сайыс барысында бой көрсеткен 7 отбасы мүшелері өз өнерлері мен қабілеттерін ортаға салды. Байқаудың ақтық кезеңінде отбасы мүшелері ән айтып, би билеп, аспаптарда ойнап, барлық мүмкіндіктерін көрсете білді.