31 қараша күні мектебімізде жас мамандарға арналған Педагогикалық Шеберлік орталығының жетекшілігімен “Тиімді жоспарлау” тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында жас мамандарға күнделікті ҚМЖ жоспарын құрудың тиімділігі жөнінде теориялық және практикалық жұмыс түрінде түсіндірілді. Жас мамандардың қоржындары тиімді ақпараттармен толықтырылды.