» Материалы за Август 2025 года

 
 
 
 
 

Хабарландыру

Автор: admin от 12-08-2025, 16:14, посмотрело: 31

0

https://hr-nobd.edu.kz/ модуль  жұмыс жасамауына байланысты конкурс құжаттары қағаз жүзінде қабылданады

Категория: Хабарландыру

 

Педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы

Автор: admin от 12-08-2025, 16:10, посмотрело: 37

0

Ақтөбе қаласы «№8 орта мектеп» КММ

Педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы

Хабарландыру!

  1. Ақтөбе қаласы «№8 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  • Химия – 1 бірлік (уақытша)
  • Математика – 2 бірлік (уақытша)
  • Тарих – 1 бірлік (бос орын)
  • Бастауыш – 1 бірлік (бос орын)
  • Логопед – 1 бірлік (бос орын)
  • Дефектолог – 1 бірлік (бос орын)
  • Ағылшын тілі – 1бірлік (уақытша)

     Мекеме атауы: Ақтөбе қаласы «№8 орта мектеп» КММ

     Білім беру ұйымының орналасқан жері: Д.Қонаев 3 Д

     Эл. Поштасы: 8-mektep@aktgoroo.kz

     Телефон нөмірі: 8(7132)458-287

  1. Негізгі функционалдық міндеттері:

ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау, 7-параграф, 64-тармақ барлық пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарына сүйене отырып:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
  • білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
  • білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  • пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
  • бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
  • журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
  • оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  • оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
  • инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
  • арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды,
  • тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
  • интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
  • әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
  • ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
  • ата-аналарға кеңес береді;
  • кәсіби құзыреттілікті арттырады;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті,
  • Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

 3-тарау, 10-параграф, 76 тармақ  орта білім беру ұйымдарының логопед, дефектолог мамандарына қойылған талаптарына сүйене отырып:

  • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
  • даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
  • білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
  • жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
  • жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
  1. Еңбекке ақы төлеу мөлшері:

Пән мұғалімдеріне – 210629  (екі жүз он мың алты жүз жиырма тоғыз) теңге (қосымша төлемдерді санамағанда)

Логопед, дефектолог – 137 000 (бір жүз отыз жеті мың) теңге (қосымша төлемдерді санамағанда)

  1. Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:

Химия – 1 бірлік (бос орын)

Математика – 2 бірлік (уақытша)

Тарих – 1 бірлік (бос орын)

Бастауыш – 1 бірлік (бос орын)

Логопед – 1 бірлік (бос орын)

Дефектолог  - 1 бірлік (бос орын)

  • Ағылшын тілі – 1бірлік (уақытша)

 

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

Барлық пән мұғалімдеріне қойылатын талап:

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

-  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

Логопед, дефектологқа қойылатын талап:

-жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі - 5 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.08.-  20.08.2025ж

Қажетті құжаттар тізбесі:

ҚР ҚР Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы  3-тарау,  113-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып электронды түрінде жолдай алады. (педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау  «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесі базасындағы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде https://www.e.edu.kz/nobd)

 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

  7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

   8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

   10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

   11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

   12) осы Қағидаларға 1213-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

  13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: 1 жыл

Категория: Хабарландыру