Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 684 бұйрығына 4-қосымша және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына 5-қосымша "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" негізінде 2023-2024 оқу жылында №8 орта мектебі төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 2023 жылдың 28 тамызбен 4 қыркүйек аралығында аз қамтылған отбасынан шыққан, әлеуметтік көмек алатын, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларына жеңілдетілген бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі нақтыланып бекітілді. 2023-2024 оқу жылына бір мезгіл ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрықтар бекітілді. Мемлекеттік бюджет есебінен тегін берілетін ыстық тамақтың жоспары дайындалып, ҚББ-нің біріңғай ас мәзірі белгіленді, кезекшілік кестесі бекітілді.
Бюджет есебінен бөлінген бір мезгіл тамақтың бағасы 603(алты жүз) теңге. Қамтылған оқушылардың тиісті құжаттары жинақталды. 1-4 сынып аралығында -659 оқушы, 5-11 сынып аралығында -89 оқушы қамтылды. І ауысымда- 366 оқушы , ІІ ауысымда -378 оқушы ыстық тамақпен тамақтанды.
Асхананың санитарлық-гигингалық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітілі, ай сайын комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, АКТ толтырылады. Тамақтанатын оқушы күнделікті журналға белгіленеді. Арнайы бекітілген екі апталық ас мәзіріне сәйкес оқушылар тамақтанады. Үнемі асханадағы азық түлік сапасы, сақталу мерізімі , күнделікті ас мәзірінің кестеге сәйкестігі қадағаланады.Тегін тамақ ішетін оқушылардың құжаттары жинақталып папка жасақталды. Жоспарға сәйкес әр сыныптың картасы жасалып, соған сәйкес мектептің әлеуметтік паспорты жасалып бекітілді.
2023жылдың 29 желтоқсан күні, ІІ оқу тоқсанын соңында №8 орта метеп- асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүгізу комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия жұмысы «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығына негізделді. Асханадағы құрал-жабдықтың орналасуынан бастап, барлық технологиялық процестің бірізділігі мен ағымдылығын, шикі және пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің жанасу мүмкіндігін болдырмай, қызмет көрсетуге, жууға, дезенфекциялауға және жөндеуге арналған жабдыққа еркін қол жеткізу мүмкіндігі қаралды. Тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераждық журналы, тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасы, органолептикалық бағалау журналы, «С дәрумендендіру» журналдарының талапқа сай болуы қадағаланды.