«Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес, асханадағы тамақтандыру сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылы бойынша №8 орта мектебінде мектепішілік комиссия мүшелері бекітілді.
5 қыркүйек күні бракераж комиссиясының мүшелері асхана жұмысының дұрыс орындалуы бойынша төмендегі талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді:
Мониторинг барысында:
-даярланған астың сапасы;
-асхана бөлмесінің тазалығы;
-тағам мөлшері;
-тамақтану графигінің сақталуы;
-тағам өнімдерінің құжаттары;
-тәуліктік және бақылау мәзірінің болуы;
-асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық тазалығына аса мән берілді.