Автор: admin от Вчера, 23:17, посмотрело: 5
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 26-08-2025, 23:16, посмотрело: 3
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 18-08-2025, 22:34, посмотрело: 7
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 12-08-2025, 16:14, посмотрело: 32
https://hr-nobd.edu.kz/ модуль жұмыс жасамауына байланысты конкурс құжаттары қағаз жүзінде қабылданады
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 12-08-2025, 16:10, посмотрело: 38
Ақтөбе қаласы «№8 орта мектеп» КММ
Педагогтердің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына қабылдау туралы
Хабарландыру!
Мекеме атауы: Ақтөбе қаласы «№8 орта мектеп» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Д.Қонаев 3 Д
Эл. Поштасы: 8-mektep@aktgoroo.kz
Телефон нөмірі: 8(7132)458-287
ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау, 7-параграф, 64-тармақ барлық пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарына сүйене отырып:
3-тарау, 10-параграф, 76 тармақ орта білім беру ұйымдарының логопед, дефектолог мамандарына қойылған талаптарына сүйене отырып:
Пән мұғалімдеріне – 210629 (екі жүз он мың алты жүз жиырма тоғыз) теңге (қосымша төлемдерді санамағанда)
Логопед, дефектолог – 137 000 (бір жүз отыз жеті мың) теңге (қосымша төлемдерді санамағанда)
Химия – 1 бірлік (бос орын)
Математика – 2 бірлік (уақытша)
Тарих – 1 бірлік (бос орын)
Бастауыш – 1 бірлік (бос орын)
Логопед – 1 бірлік (бос орын)
Дефектолог - 1 бірлік (бос орын)
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Барлық пән мұғалімдеріне қойылатын талап:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Логопед, дефектологқа қойылатын талап:
-жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі - 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.08.- 20.08.2025ж
Қажетті құжаттар тізбесі:
ҚР ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы 3-тарау, 113-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып электронды түрінде жолдай алады. (педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесі базасындағы «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде https://www.e.edu.kz/nobd)
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
12) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі: 1 жыл
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 27-12-2024, 17:20, посмотрело: 27
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 27-12-2024, 17:20, посмотрело: 31
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 27-12-2024, 17:19, посмотрело: 31
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 27-12-2024, 17:18, посмотрело: 26
Категория: Хабарландыру
Автор: admin от 2-12-2024, 11:15, посмотрело: 53
Категория: Хабарландыру