Ақтөбе қаласы «№ 8 орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде
Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарлама
№8 мектептегі бос орындар туралы ақпаратты «enbek.kz» сайт арқылы білуге болады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- «№8 орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев көшесі №3Д үй, почталық индекс 030009, 8(7132)458-287 shkola8.k3d@mail.ru
- Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;
Әлеуметтік педагог уақытша бос лауазым, (декреттегі педагогтың орны, 1 ставка, жалақысы-161816,94)
Мемлекеттік жалпы білім беру стандарт бойынша өз пәнінен оқушыларға білім және тәрбие білім және тәрбие беруін қамтамасыз етеді. Оқушылардың, тәрбиенушілердің жеке қабілеттерін,жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға және әлеуметтендіруге ықпал жасайды. Оқыту барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады,күнделікті жоспар жазады. Оқу үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды енгізеді,оқушыларға мемлекеттік жалпы білім стандартта берілген деңгейден төмен емес біліммен қамтамасыз етеді. Методикалық бірлестіктердің жұмыстарына қатысады,жүйелі біліктілігін арттырады. Оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, олардың тұрмыстық жағдайын зерттейді. Еңбек қауіпсіздігін, ережесін сақтайды,білім беру үдерісінде оқушылардың денсаулығының және өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ата –аналармен және заңды өкілдермен байланыста болады, оқу тәртібін және қатысымын қадағалайды.
Білу керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", Қазақстан Республикасының "Тілдер туралы" «Жемқорлықпен күресу жөнінде», «Жасөспірімдер және қараусыз қалған балалардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөнінде»,«Педагог мәртебесі» т.б заңдарын,пәннің және тәрбие жұмысының әдістемелік методикасын, оқу кабинеттерінің жабдықталу және жарықталуының талаптарын,психология және педагогиканы, мемлекеттік жалпы білім беру стандартты, білім дамытудың негізгі бағыттарын және педагогикалық ғылымның дамуын, еңбек заңын, еңбек қауіпсіздігін,санитарлық ережелер мен талаптарын;
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) нормаларына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу тәртібін айқындайды.
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
Лауазымдық міндеттері:
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім.
Тиісті санатты алуы үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
Жоғары деңгейлі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл;
біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:
бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Қажетті құжаттар тізбесі;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
- Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі
Негізгі қызметкердің декреттік демалыстан шығу уақытының белгіленуі
Қабылданатын құжаттар «№8 орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев көшесі №3Д үй, почталық индекс 030009, 8(7132)458-287 shkola8.k3d@mail.ru