22 ақпан күні ата-ана, ұстаз, түлек, оқушының басын қосқан дәстүрлі VIII «Спартакиада-2024» ойындарының ашылу салтанаты өтті.
- Шараның ашылуына гір спортынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің 13 дүркін чемпионы, Қазақстанның 33 дүркін чемпионы, қалалық спорт басқармасының басшысы Гончаров Евгений Владимирович
- Пауерлифтингтен 9 дүркін Қазақстан чемпионы , Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы, 1 дүркін әлем чемпионы, спорт шебері Умбеталин Кадыркул Каракулович
- Республикалық бокс ойындарының бірнеше дүркін чемпионы, Әлем чемпианотының күміс, алтын жүлдегері ,қазақстан спорт құрамасының белсенді мүшесі Галиб Джафаров Мусаевич
- Ардагер ата-ан, қамқоршылық кеңес ұйымының белгілі мүшесі Зулкашев Бақтығали Жансович
- Ауған соғысының ардагері, Республикалық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі, мектепішілік қамқоршылық кеңесі мүшесі Жакупов Болат Спандиярович секілді спорт саңлақтары мен оқушыларға беретін тәлім-тәрбиесі мол белгілі азаматтар қатысып, құттықтауларын жеткізді.
- Биылғы спартакидада спортшыларымыз спорттың 8 түрінен сынға түсті.
- Спартакиаданың ашылуында дәстүрлі шараға үзбей ат саласып,мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты жалғап жүрген ата-аналарымыз марапатталды.
- Спорттың 8 түрінен күш сынасқан спортшыларымызды 139 медальдармен марапатталатын болады.
- 17 ақпан күні бастау алған спартакиданың жабылу салтанаты 25 ақпан күні өтеді.