» » Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарлама

 
 
 

Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарлама

Автор: admin от 4-11-2024, 10:05, посмотрело: 85

0

Ақтөбе қаласы «№ 8 орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы  Оқу – ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №343 бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде

 

Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогтерін бос  лауазымға тағайындауға конкурс өткізу туралы хабарлама

 

                №8 мектептегі бос орындар туралы ақпаратты «enbek.kz» https://8aktschool.edu.kz сайт арқылы білуге ​​болады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

1.«№8 орта мектеп» КММ  Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев көшесі  №3Д үй, почталық  индекс 030009, 8(7132)458-287 8-mektep@aktgoroo.kz

2.Негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;

Дефектолог бос лауазым, (1 вакант тұрақты, жалақысы – 137 045 тг қосымша төлемдерді санамағанда)

  • Оқушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерді тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың психофизикалық қалпын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды.
  • Дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Мұғалімдермен және тәрбиеленушілермен тығыз байланыста жұмыс істейді, сабақтарға қатысады.
  • Ата-аналармен, оларды алмастырушылармен байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдері қолдану жөнінде кеңес береді. Қажетті құжаттамаларды жүргізеді.
  • Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне, саналы түрде таңдауына жәнекәсіптік бағдарламаларды меңгеруге ықпал етеді. Мемлекеттік стандарттар шеңберінде оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін және құралдарын пайдаланады. Білім беру бағдарламаларыніскеасырады.
  1. 3. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

Лауазымдық міндеттері:

       Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

      даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

      басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

      тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогы Кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;

      ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

      психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің, оңалту орталықтарының, аутизм орталықтарының арнайы педагогы білім беру ұйымының жоспары мен кестесі бойынша жеке, кіші топтық және топтық сабақтар өткізеді;

      жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;

      өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;

      әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

  1. Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;

      арнайы педагогика;

      оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;

      арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жұмыс өтіліне талап қойылмай, "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

  1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      балалардың дамуы мен жағдайын диагностикалау, дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық қолдау әдістерін қолдануы керек;

      арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру;

      дефектологияның заманауи әдістерін қолдану;

      білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу;

      балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету, білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру, кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог – модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің дамуында ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      3) "педагог – сарапшы":

      "педагог – модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін қолдану;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу;

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану, тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог – сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      дефектология ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалану;

      арнайы педагогика және психология;

      тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, оқытудың инновациялық технологияларын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;

      қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану, облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жалпылауға тәлімгерлікті жүзеге асыру;

      психологиялық-педагогикалықбасылымдардажарияланымдарыболуы;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігінеқойылатынжалпыталаптарға, сондай-ақ:

      арнайыпедагогиканыңжаңажетістіктеріненгізу;

      педагогикалықзерттеудіңәдіснамалықпринциптерінбасшылыққа ала отырып, өзініңкәсібиқызметініңрефлексиясынжүзегеасыру;

      кәсіби даму траекториясынасәйкесөзін-өзіоқытудағдыларынмеңгеру;

      авторлықбағдарламаныңболуынемесеоблыстықоқу-әдістемеліккеңестежәне РОӘК-де мақұлдауалған, басыпшығарылғанбағдарламалардың, оқу-әдістемелікқұралдардың авторы (тең авторы) болу;

      тәлімгерліктіжүзегеасыружәнеоблысдеңгейіндеәлеуметтікпедагогтердіңкәсібиқоғамдастығыжелісіндамытудыжоспарлау, білім беру саласындағыуәкілетті орган бекіткенреспубликалықжәнехалықаралықкәсібиконкурстардыңқатысушысы болу.

  1.       Құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау уақыты: 05.11-12.11.2024ж

  1. Қажетті құжаттар тізбесі;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

  • осыҚағидаларға10-қосымшағасәйкеснысанбойыншақосаберілетінқұжаттардыңтізбесінкөрсетеотырып,Конкурсқақатысутуралыөтініш;
  • жекебасынкуәландыратынқұжатнецифрлыққұжаттарсервисіненалынғанэлектрондықұжат(идентификацияүшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақтытұрғылықтымекенжайыменбайланыстелефондарыкөрсетілген–барболса);
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымғақойылатынбіліктілікталаптарынасәйкесбілімітуралықұжаттардыңкөшірмелері;
  • еңбекқызметінрастайтынқұжаттыңкөшірмесі(барболса);
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасыныңнысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауминистрініңміндетінатқарушының2020жылғы30қазандағы№ҚРДСМ-175

/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралыанықтама(Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеутізілімінде№21579болыптіркелген).

  • психоневрологиялықұйымнананықтама;
  • наркологиялықұйымнананықтама;
  • сертификаттауданөтунәтижелерітуралысертификатнемесепедагог-модератордантөменемесқолданыстағыбіліктіліксанатыныңболуытуралыкуәлік(барболса);
  • ағылшынтіліпедагогтерілауазымынаорналасуғакандидаттарүшінпәнбойыншашектідеңгейікемінде 90% сертификаттаунәтижелерітуралысертификаты немесе педагог-модератордыңнемесе педагог-сарапшының, немесепедагог-зерттеушініңнемесе педагог-шебердіңбіліктіліксанатыныңболуытуралыкуәлік (бар болса) немесеCelta сертификаты (CertificateinEnglishLanguageTeachingtoAdults.Cambridge)passa;Delta(DiplomainEnglishLanguageTeachingtoAdults) Passandaboveнемесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесеTOEFL(TOEFL)(интернеткенегізделгентест(IWT))-60-65балл;болукерек.
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқытушеберлерілауазымдарынапедагогикалыққызметкекіріскен,тиістімамандықнемесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтерсертификаттауданөтуденбосатылады.
  • 11-қосымшағасәйкеснысанбойыншапедагогтіңбоснемесеуақытшабослауазымынакандидаттыңтолтырылғанбағалаупарағы.
  • тәжірибежоқкандидаттыңбейнепрезентациясыкемінде15минут,ең төменгіажыратымдылығы–720x480.

Кандидатболғанжағдайдаоныңбіліміне,жұмыстәжірибесіне,кәсіби деңгейінеқатыстықосымшаақпаратты(біліктілігінарттыру,ғылыми /академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелікЖарияланымдар,біліктіліксанаттарытуралықұжаттардыңкөшірмелері,алдыңғы жұмысорныныңбасшылығынанұсынымдар)ұсынады

  1. Уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі

Вакантта тұрған бос орын

Қабылданатын құжаттар  «№8 орта мектеп» КММ  Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев көшесі  №3Д үй, почталық  индекс 030009, 8(7132)458-287 8-mektep@aktgoroo.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Хабарландыру

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.