Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

"Ақтөбе - Дарын" өңірлік ғылыми - тәжірибелік қосымша білім беру орталығы жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып оқушылары арасында қалалық "Зерде" атты шығармашылық жобалар мен зерттеулер жұмыстары конкурсының сараптама кезеңі қашықтықтан өткізілді. Нәтижесінде

3 "е" сынып оқушылары Мәдіғали Камила мен Сайлаубай Жанәділ жүлделі I орынға ие болды. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі С.Б.Үшкемпірова.

7 «а» сынып окушысы Камел Жанат пен 5 "в" сынып оқушысы Рахат Медина жүлделі II орынға ие болды. Жетекшілері орыс тілі пәнінің мұғалімдері  Г.Х. Апендина , Л.М. Балғазина

"Күз -берекем,күз -мерекем" атты сурет,аппликация,буклет жасау апталығы.Шараға мектебіміздің табалдырығын кеше ғана аттаған бүлдіршіндер мен 2, 3 кластың оффлайн кластары ерекше дайындалды.Күз молшылықтың белгісі.Ырысы мен несібесі толы құшағын жая қайта оралған ерекше мезгіл оқушыларымыздың санасынан ерекше орын алары сөзсіз.Баламен бірге жаны мен бар өнерін сала,бала мен ана,әке жұмысы ұштасқан осы бір көрме ерекше сезімге толы болды.Алтындай сары кілемге оранған күз біздің мектебімізге ерекше көңіл күймен келді, зуылдаған ызғары мен шуылдаған желін сезбей де қалдық.Себебі,көрме балалық,аналық,әкелік,ұстаздық махаббатқа толы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2020 жылғы Кіші Ғылым академиясының 24-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына #8 орта мектебінің оқушылары өз баяндамаларын ұсынып, 13 жұмыс жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

 

"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТ ҚББО-ның ұйымдастыруымен "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы" тақырыбында қашықтықтан өткізілген облыстық эссе байқауына 11а класс оқушысы Сағындық Аида қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды, жетекшісі Ш.К.Муканова. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ құтты болсын!

 

Гуманитарлык пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" тақырыбында Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- еліміздің өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, оқушылардың таным түсініктерін кеңейту. Игі шараның ұйымдастырушысы тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Жайбергенов пен оқушылар профессорға бірқатар сұрақтар қойды.
Кездесу соңында мектеп директоры А.Б.Жаксыбаева өз алғысын білдіріп, "Мұғалжар ауданының энциклопедия" кітабын ұсынды.

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе