Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

8 орта мектебiнде мектепiшiлiк хор үйірмесі есеп беру концертiн өткізді. Концерт барысында мектеп өміріне етене араласып,қолдау көрсетіп жүрген белсенді ата-аналарымызға алғыс жариялап,марапатталды. Ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланыс одан әрі жалғасын тауып, балаларымыз биiктен көріне берсін деген ақ тiлекпен ата-аналар лебiздерiн білдірді.

 

 

 

 

 

Құттықтаймыз!

19-05-2017, 19:00

8 орта мектеп Қалалық оқушылар сарайында жүргізілген "Қазақстан жас қанаты -Жас ұлан" бағдарламасының 3 жылдық жұмыстарына белсене қатысып, ІІ орынмен марапатталды. Және тәлімгері Сәтбек Аманбайұлы Есенғұлға алғыс хат жарияланып, "Беделді" номинациясының иегері атанды.

 

10 кл окушылары 2016-2017 оқу жылының далалық әскери оқу-жаттығу жиынынан жеңіспен оралды. Мектеп абройын асқақтатып,беделiн биiкке көтерген айбынды ұландарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!! Жарайсыздар!!!

 

8 орта мектепте "9 мамыр- Жеңіс күні" мерекесіне арналған іс шаралар өткізіліп, соғыс ардагерлері шақырылды. Ардагерлердің құрметіне мерекелік концерт қойылды, және шағын сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды. Осы мереке қарсаңында мектеп оқушылары арасынан құралған еріктілер тобы қарт ардагерлердің үйіне барып құттықтап, көмек көрсетті.

 

Ақтөбе облысы жастар мен жасөспiрiмдер ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігi мен Ақтөбе облыстық білім басқармасы №8 орта мектебiнің 30 аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларын Керуен City орталығында орналасқан Happylon ойын-сауық орнында тегін ойнауға мүмкіндік берді. Облыстық бiлiм басқармасының басшысы Сәуле Рахимовнаға және Ақтөбе облыстық жастар мен жасөспiрiмдер ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігi төрағасы Жандос Табылғановқа мектеп ұжымы мен оқушылар тарапынан алғыс білдіреміз.

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе