Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

Гуманитарлык пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" тақырыбында Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- еліміздің өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, оқушылардың таным түсініктерін кеңейту. Игі шараның ұйымдастырушысы тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Жайбергенов пен оқушылар профессорға бірқатар сұрақтар қойды.
Кездесу соңында мектеп директоры А.Б.Жаксыбаева өз алғысын білдіріп, "Мұғалжар ауданының энциклопедия" кітабын ұсынды.

 

Қалалық олимпиада қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінен 11 класс оқушысы Макатаев Мади 1 орын- жетекшісі Данешева Ж, математика пәнінен 10 класс оқушысы Орынғалиев Аят 1 орын - жетекшісі Батаев А, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9 класс оқушысы Максутова Айгерім 1 орын- жетекшісі Шатенова А, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 класс оқушысы Махамбетова Ақлима 2 орын-жетекшісі Муканова Ш, орыс тілі пәнінен 11 класс жетекшісі Сағидолла Томирис Мадақтамаға -жетекшісі Кульгарашева Г ие болды. Командалық есеппен #8 орта мектеп ұжымы, 3 орынға ие болды.Осындай жетістікке қол жеткізген бүкіл мектеп ұжымына алғыс білдіреміз

 

Ата аналар мен балаларға жеке қауіпсіздік ережесі туралы жадынама таратылды.

 

Бастауыш партия ұйымдары арасындағы " Нұр Отан" партиясының II қалалық олимпиаласында мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Таубаев Нұрғали Нурыллаевич шахмат саласы бойынша үлкен жетістікке ие болды. Нұрғали ағайды осы марапатпен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз

 

Мектебімізде дәстүрге айналған қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Жәрмеңке өткізудің негізгі мақсаты - жетім, толық емес және мұқтаж отбасыларға әлеуметтік жағынан көмек беру. Бүгінгі шараға белсене ат салысқан барлық ата- аналарға алғыс білдіреміз

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе