Облыстық білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін оқушылары арасында XXI облыстық Гір көтеру жарысында командалық есеп бойынша ер балалар I орын, қыз балалар I орынға иеленді.Құттықтаймыз!!!
КММ "№8 орта мектебі", Ақтөбе қаласы » Мектеп жайлы » Страница 3
15-10-2020, 12:32
Облыстық білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін оқушылары арасында XXI облыстық Гір көтеру жарысында командалық есеп бойынша ер балалар I орын, қыз балалар I орынға иеленді.Құттықтаймыз!!!
30-09-2020, 20:15
Халықаралық ұстаздар күніне орай білім мен тәрбие берудегі айрықша еңбегі үшін мектебіміздің мақтанышы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Муканова Шарипа Кулинтаевна облыс әкімдігінің арнайы 1️⃣0️⃣0️⃣ мың теңге көлеміндегі сыйақысына ие болды. Құттықтаймыз!!!
24-09-2020, 17:09
"Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ ұйымдастыруымен "Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры" ҚҚ қолдауымен Ұстаздар күніне орай, кәсіби деңгейі жоғары және шығармашыл, талантты жас педагогтарды қолдау мақсатында 21-29 жас аралығы жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтар арасында "Жас маман" қалалық байқауы өткізілді. Нәтижесінде біздің мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Орын Миржан Досымұлы арнайы медальмен мараппатталды. Құттықтаймыз!!!
27-08-2020, 15:30
25 тамыз күні педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің "Білім және ғылым:жаңа оқу жылының ерекшеліктері тақырыбында пленарлық отырысы өтті. Тамыз кеңесіне облыс әкімі О.О.Сейілұлы,білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағалары, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты.2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша орта білім беретін үздік ұйым анықталып, #8 жалпы білім беретін орта мектеп республикалық "Орта білім беретін үздік ұйым"байқауының грант жеңімпазы атанды!
28-04-2020, 11:02
2020 жылғы Кіші Ғылым академиясының 24-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына #8 орта мектебінің оқушылары өз баяндамаларын ұсынып, 13 жұмыс жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
27-03-2020, 10:28
Қала мектептерінің арасында өткен спартакиадаға мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері қатысып, ерлер бойынша 2️⃣орын, қыздар бойынша 5️⃣орын иеленді. Жалпы командалық есебінде #8 мектеп 5️⃣орынға табан тіреді. Құттықтаймыз
14-02-2020, 18:35
Гуманитарлык пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" тақырыбында Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- еліміздің өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, оқушылардың таным түсініктерін кеңейту. Игі шараның ұйымдастырушысы тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Жайбергенов пен оқушылар профессорға бірқатар сұрақтар қойды.
Кездесу соңында мектеп директоры А.Б.Жаксыбаева өз алғысын білдіріп, "Мұғалжар ауданының энциклопедия" кітабын ұсынды.
13-02-2020, 16:27
Қалалық олимпиада қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінен 11 класс оқушысы Макатаев Мади 1 орын- жетекшісі Данешева Ж, математика пәнінен 10 класс оқушысы Орынғалиев Аят 1 орын - жетекшісі Батаев А, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9 класс оқушысы Максутова Айгерім 1 орын- жетекшісі Шатенова А, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 класс оқушысы Махамбетова Ақлима 2 орын-жетекшісі Муканова Ш, орыс тілі пәнінен 11 класс жетекшісі Сағидолла Томирис Мадақтамаға -жетекшісі Кульгарашева Г ие болды. Командалық есеппен #8 орта мектеп ұжымы, 3 орынға ие болды.Осындай жетістікке қол жеткізген бүкіл мектеп ұжымына алғыс білдіреміз
12-02-2020, 18:30
12-02-2020, 17:26
Бастауыш партия ұйымдары арасындағы " Нұр Отан" партиясының II қалалық олимпиаласында мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Таубаев Нұрғали Нурыллаевич шахмат саласы бойынша үлкен жетістікке ие болды. Нұрғали ағайды осы марапатпен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз