Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

2020 жылғы Кіші Ғылым академиясының 24-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына #8 орта мектебінің оқушылары өз баяндамаларын ұсынып, 13 жұмыс жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

 

"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТ ҚББО-ның ұйымдастыруымен "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы" тақырыбында қашықтықтан өткізілген облыстық эссе байқауына 11а класс оқушысы Сағындық Аида қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды, жетекшісі Ш.К.Муканова. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ құтты болсын!

 

Гуманитарлык пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" тақырыбында Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- еліміздің өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, оқушылардың таным түсініктерін кеңейту. Игі шараның ұйымдастырушысы тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Жайбергенов пен оқушылар профессорға бірқатар сұрақтар қойды.
Кездесу соңында мектеп директоры А.Б.Жаксыбаева өз алғысын білдіріп, "Мұғалжар ауданының энциклопедия" кітабын ұсынды.

 

Қалалық олимпиада қорытындысы бойынша ағылшын тілі пәнінен 11 класс оқушысы Макатаев Мади 1 орын- жетекшісі Данешева Ж, математика пәнінен 10 класс оқушысы Орынғалиев Аят 1 орын - жетекшісі Батаев А, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9 класс оқушысы Максутова Айгерім 1 орын- жетекшісі Шатенова А, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 класс оқушысы Махамбетова Ақлима 2 орын-жетекшісі Муканова Ш, орыс тілі пәнінен 11 класс жетекшісі Сағидолла Томирис Мадақтамаға -жетекшісі Кульгарашева Г ие болды. Командалық есеппен #8 орта мектеп ұжымы, 3 орынға ие болды.Осындай жетістікке қол жеткізген бүкіл мектеп ұжымына алғыс білдіреміз

 

Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Намазгулов Мақсат Советовичтің тәрбиеленушісі Садуллаев Абылай гір көтеру спортынан ҚР кубогында 2 орын алды. Командалық есеп бойынша Ақтөбе облысы командасы 2 орынмен марапатталды. Осындай жетістікке қол жеткізген М.С. Намазгуловты құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе