Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

4 сәуір күні , мектебімізде "Дін мәселелері мен қоғаммен байланыс" жөніндегі КММ ұйымдастыруымен 9-11 класс оқушылары арасында арнайы кездесу өткізілді. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы теріс діни ағымдар мен діни мәселелер туралы сөз қозғалды. Арнайы ұйымның атынан келген "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс" жөніндегі орталығының теолог маманы Қадирханова Жулдыз Замирқызы,
психолог маманы Тулепбергенов Тимур Тайбекович, мекеме басшысы орынбасары Мұқанов Сәбит Сабырұлы оқушыларға арнайы дәріс өткізіп, "Деструктивті діни ағымды жақтаушылардың психологиялық өзгерістері" тақырыбындағы сұрақтарды талқылады.
 

Шығармашылық академиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Олимпиада нәтижесінде «ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА" номинациясы бойынша Ақтөбе қаласының командасы (І орын-42, ІІ-75, ІІІ-90) жүлделі І ОРЫНҒА ие болды.


 

2023 жылдың 23 наурыз күні Өзбекстан Республикасы , Ташкент қаласында өткен “DARYNDAR SAZY” атты ||| халықаралық өнер байқауында Балалар мен жасөспірімдер шығармашық орталығының үлгілі "Айгөлек" хореографиялық ұжымы кіші топ I орын және “Сұңқар” арт - балет үйірмесі бас жүлдеге ие болды. Осы топтарда өнер көрсеткен мектебіміздің оқушылары :

9 "Г" сынып оқушысы - Андалиева Наргиз

6"А" сынып оқушысы - Мұрат Гүлназ

5 "Д" класс оқушысы- Андагулова Айша

4 "Г" класс оқушысы - Тұрғанбекова Дана

4 "А" класс оқушысы - Тоғанбай Назым

Құттықтаймыз !!!

 

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында өткен "Навруз Садолари" атты көп дауысты ансамбльдер мен ұлт аспаптар оркестрлерінің халықаралық музыкалық байқау - фестивалі өтті.
Аталмыш байқауда Ақтөбе қаласы № 1 Балалар музыка мектебінің оқушыларынан құрылған "Желдірме" оркестрі белсене қатысқаны үшін арнайы ДИПЛОММЕН марапатталды.
Жетекшісі: Сдыков Нурали Мажитович

Музыкалық мектептің қобыз класы бойынша Қырықбаева Динара "UMID" номинациясына 2000000 сыйақыға ие болды. Жетекшісі: Таубекова Дәмелі Қойшығұлқызы

Осы ансамбль құрамында өнер көрсеткен мектебіміздің оқушылары :

8 "Г" класс оқушысы - Қырықбай Динара

9 "В" сынып оқушысы- Сайлыбаев Жасұлан

7 "Ә" сынып оқушысы - Орынғалиев Медет

6 "В" класс оқушысы - Әбдісалам Есмұхан

Құттықтаймыз !!! 

 

"Жарас" ШҚ ұйымдастыруымен ҚР Социалистік еңбек ері М. Б. Ержановты еске алуға арналған дәстүрлі қалалық бокс турнирінде мектебіміздің оқушысы
Орынбаев Нұртас 3 орын иеленді.
Жетекшісі : Шоқпаров Ғалымжан

Құттықтаймыз !!

 

Ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА: Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек

- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тіпті шұғыл түрде көшеге шығу керек болса да, көршілеріңізден балаларыңызға қарауларын сұраңыз. Сондай-ақ, кішкентай балаларды үлкен балалардың қамқорлығына ұзақ қалдыруға болмайды. Бұл ата-аналардың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті.
- Бала терезенің алдына шыға алмауы үшін жиһаздың барлық түрін терезеден алыстатыңыз.
-Москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.
Шипалы торларға сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.
- Терезелерге балаға бірнеше сантиметрден астам терезені ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді, балалар құлпын қойыңыз.
- Ашық терезенің жанында болу қаупі туралы балалармен әңгімелесіңіз.
- Егер бекіткіш құрылғыны орнатуға мүмкіндік болмаса, терезенің тұтқасын қажеттілігіне қарай пайдалана отырып ашыңыз.

‼️Құрметті ата-аналар мен қамқоршылар! Есіңізде болсын:
1) Заң бойынша ата-аналар балаларының өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға міндетті.
2) Балалардың терезеден құлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар:

ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы. Қауiптi жағдайда қалдыру

1. Өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi жағдайдағы және сәбилiгiне, қарттығына, науқастығына қарай немесе өзге де дәрменсiз күйi салдарынан өзiн-өзі сақтап қалу шараларын қолдану мүмкiндiгiнен айырылған адамды көрiнеу көмексiз қалдыру, егер кiнәлi адамның сол адамға көмек көрсету мүмкiндiгi болған немесе сол адамға қамқорлық жасауға мiндеттi болған не оны өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi күйге өзі түсірген жағдайларда, –

бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгі мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау

Ақтөбе облысының прокуратурасының бастамасымен «Байқаңыздар,алаяқтар!» жұмыс жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар бастау алып отыр. Осы орайда төмендегі роликті назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Аталған бағыттағы жоспардың басты мақсаты - алаяқтықтың өсу себептері мен жағдайларын анықтау, алаяқтық фактілерін тіркеудің өсуін төмендету, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Жоғарыда аталған шаралар сіз бен біз болып бірікенде ғана нәтижелі болмақ!

Бокстан 2011-2012жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Наурыз мейрамына және қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған бокс мектебінің біріншілігінде орын алғандар
І - Ержанұлы Ғазиз
I - Аслан Диас
I - Тәттіғали Арсен
II - Файзуллин Фархат
II - Аманғалиев Мейіржан
II - Байжанов Арман

 Ұлыстың ұлы күні 22-Наурызға арналған "Бойц"спорт- клубының жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілігінде орын алғандар:

 

2023 жылдың 10 наурыз күні бастауыш класс мұғалімдерінің жас мамандарына арналған «Заманауи жас бастауыш класс маманы-2023» қалалық байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен 25 жас маман қатысып, додаға түсті. Байқау 3 бөлімнен тұрды.

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе