Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

Бүгін, 56 орта мектебінің базасында жас тарихшылардың V Республикалық "Менің шағын Отаным" зияткерлік байқауының қалалық кезеңі өтті. 2 турдан тұратын байқауға барлығы 100-ден аса оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 10 сынып оқушысы Дусипова Ғазиза жүлделі III орын иеленді.
Жетекшісі : Тулебаева Нұржамал

Құттықтаймыз!!!

Білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған тәрбие шараларының бірі мектеп инспекторларымен жүргізілетін кездесулер.
Осы орайда 9 қыркүйек күні 8-11 кластар аралығында Алматы аудандық #3 ҚПБ полиция инспекторлары Е.С.Қосжанов, А.Б.Ниеталин "Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" тақырыбында білім алушыларға қазіргі таңдағы өзекті мәселелер төңірегінде ақпарат берді.

Ұжыммен бірге сенбілік!
Осы ұранмен мектеп ұжымы күзгі санитарлық екі айлық қаланы тазарту және абаттандыру шарасын қолдап, мектеп ауласын ретке келтірдік.

Биылғы 2022-2023 оқу жылына мектеп автобусы өз жұмысын қайта бастады.
Қазіргі таңда 100-ден аса білім алушы мектеп автобусы қызметін пайдаланып отыр.
Мектеп автобусы - қоғамдық көлік.
Білім алушылардың қоғамдық көліктегі тәртібі мен өзгелерге қарым-қатынасы, олардың бір- біріне деген құрметінің артуы тәрбиелік шараларға тікелей байланысты.
16 қыркүйек күні #3 ҚПБ полиция бөлімінің аға лейтенанты Б.А.Теміржанқызы білім алушыларға
жолда жүру ережелерін;
автобус ішіндегі қарыс-қатынас, үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқорлық көрсету;
Аялдамада немесе автобустан түсер уақытта ???? секілді заттарды пайдаланбау;
Мектеп автобусына жол беру;
Тәрбиеші мұғалімдердің рұқсатынсыз артық әрекеттерге бармау керектігін қатаң ескертіп, профилактикалық жұмыс жүргізді!

Мектеп пен ата-аналардың бір ортақ шешімге келіп, ауызбіршілікте әрекет етуі ең тиімді тәсіл.Балаға екі жақтан оңтайлы жағдай жасау, алдымызда отырған баланың болашағының жарқын кепілі.
Ата-ананың мектеп өміріне етене араласуы да ,бала үшін отбасының қолдауын нығайта түспек.
15-16 қыркүйек аралығы мектепке дейінгі даярлық топ ата-аналарына және 1 сынып ата-аналарына жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
Мектептің ішкі тәртіп ережелері;
Тыйым салынған заттар туралы;
Білім алушылардың сабаққа қатысымы;
Мектеп медбикесінің бала денсаулығына қатысты "Дені сау бала- қоғам айнасы" атты лекциясы класқа қатысты бірқатао мәселелер қозғалып, класс жетекшілер әр ата-анамен жұмыстарын жүргізді.

Әрбір білім алушының құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемаларын белсенді жүзеге асыру мақсатында мектеп Алматы аудандық #3 ҚПБ полиция басқармасымен бірлесе жоспарлы шараларды жүзеге асырып келеді.
15 қыркүйек күні мектеп инспекторы ????‍✈️Ақбота Теміржанқызы 5-7 класс білім алушыларына мектеп ішіндегі, қоғамдық орындардағы, кешкі мезгілдегі ережелермен қатаң таныстырып, білім алушыларды нормаларға қайшы келетін мінез-құлықтардан аулақ болуға, құқықтық сауаттылыққа шақырды.

Әрбір білім алушының құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемаларын белсенді жүзеге асыру мақсатында мектеп Алматы аудандық #3 ҚПБ полиция басқармасымен бірлесе жоспарлы шараларды жүзеге асырып келеді.
15 қыркүйек күні мектеп инспекторы ????‍✈️Ақбота Теміржанқызы 5-7 класс білім алушыларына мектеп ішіндегі, қоғамдық орындардағы, кешкі мезгілдегі ережелермен қатаң таныстырып, білім алушыларды нормаларға қайшы келетін мінез-құлықтардан аулақ болуға, құқықтық сауаттылыққа шақырды.

"Жанды сабақтар"

15-09-2022, 10:35

"Ақтөбе - Дарын" өңірлік ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мен Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Қарғалы ауданына 8-10 класс оқушылары арасында "Жанды сабақтар" атты экскурсия сабақ өткізілді. Бір күндік тур барысында мектеп оқушылары спорттық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі I-орынды иеленді.

9 қыркүйек күні,тіл мерекесі аясында А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай, мектеп кітапханасында А.Б.Даулетиярованың ұйымдастыруымен "Әдебиет танытқыш-әлемдік құндылық "тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.Сабақ барысында оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мол ақпарат беріліп,бейнебаяндар көрсетілді.

Бүгін, яғни 9 қыркүйек күні "Мәңгілік ел - мәртебелі тіл" апталығының жоспарына сай, 3-7 класс оқушыларының қатысуымен "Ахмет мысалдарына саяхат" атты А.Байтұрсынұлының мысалдары негізінде қазақ және орыс тілдерінде сахналық қойылымдар көрсетілді.
Мақсаты: оқушылардың бойына мысал өлеңдері арқылы адамгершілік қасиеттерді сіңіру, мысалдардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе