Назар аударыңыз !
КММ "№8 орта мектебі", Ақтөбе қаласы » Жаңалықтар » Страница 3
Инклюзивті білім беру жағдайында оқитын балалардың білім деңгейін және практикалық қызметке дайындығын қамтамасыз ететін шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметке бейімдеу біздің міндетіміз болып табылады. Оқыту процесінде мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас ерекше рөл атқарады. Ата-аналар өз балаларын жақсы біледі, сондықтан бірқатар мәселелерді шешуде мұғалім олардан құнды кеңестер ала алады. Мұғалімдер мен ата-аналардың ынтымақтастығы жағдайды әртүрлі жағынан қарауға көмектеседі, демек, ересектерге баланың жеке ерекшеліктерін түсінуге, оның қабілеттерін анықтауға және дұрыс өмірлік нұсқауларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мектеп кітапханасының жұмыс жоспарына сәйкес, балалармен байланысты жақсарту, оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар үнемі жүргізіліп келеді.
16-11-2023, 10:00
3-ші қараша күні Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі ұйымдастырылды.
11 пән бойынша жалпы 125 оқушы қатысым білдірді.
15-11-2023, 22:05
Қалалық ІІІ Бауыржан оқулары байқауына қатысып 9-класс оқушысы Аманов Жанарыс ұлтттық аспапта өнер көрсету бағыты бойынша жүлделі 2-ші орынға ие болды.
Жетекшісі: Аккожа Мажит
8-класс оқушысы Жармағамбетов Қыдырәлі бейнелеу өнері бағыты бойынша қатысып, жүлделі 2-ші орынға ие болды.
Жетекшісі: Үмбет Мейрамбек
12-11-2023, 17:30
12-11-2023, 16:00
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен 11 «А» класс оқушысы Медеубек Динара жүлделі 1-ші орынға ие болды!!!
Жетекшісі: Мыңжасарқызы Н.
Құттықтаймыз!!!
11-11-2023, 09:00
ОБЛЫСТЫҚ "ТӨЛ ТЕҢГЕНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ" АТТЫ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:
8 «Д» сынып оқушысы Дженисова Аяулым жүлделі 2-ші орын иеленді.
Жетекшісі: Байменшина Мөлдір
10-11-2023, 16:30
9 қараша күні 1,4 класс ата-аналарына жиналыс ұйымдастырылды.