Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

Қазан айының 20-сы күні Республикалық "Алтын түлек" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 10-11 сынып оқушылары арасынан 39 оқушы қатысты. 

2023 жылдың 24 қазан күні Ақтөбе қаласының № 8 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгуль Куанышевна Кабулованың « Орыс тілі мен әдебиеті сабағында тиімді технологияларды қолдану арқылы білім үрдісінің сапасын арттыру» тақырыбында шығармашылық шеберхана ашылды.
Іс-шарада педагогтар алдында «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері З.Б. Бекниязова құттықтау сөз сөйледі.
Бірінші отырыста «Альфа» ұрпағының ментальдық көзқарасы» тақырыбы қаралды, онда шеберхана басшысы «Күз күніне алғыс» атты тренинг өткізді.

Ақтөбе облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республика күні қарсаңында III республикалық мұғалімдер спартакиадасының облыстық кезеңінде ерлер арасындағы волейбол жарысында Ақтөбе құрама командасы жүлделі 1-орын иеленді. Дәл осы командада керемет ойын шеберлігін көрсете білген Б.Муканов, Д. Жанатов, Е.Ибраев, Ш.Сарсеналыұлы, Қ.Айнабеков, Б.Сисенғали есімді мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз !

Бүгін мектеп 25 қазан Қазақстан Республикасы күнін атап өтті.
Шараның мақсаты - әрбір баланың жүрегінде Отанға деген махабатын ашу, оларды ортақ үйіміз, кең байтақ жеріміздің бәрінен биік, бәрінен асқақ екенін ұғындыру;

2012-2013 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Күніне орай ұйымдастырылған бокстан мектеп оқушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

1-орын Орынбаев Нұрдаулет

2-орын Қаниев Нұрдаулет
2-орын Қайрат Саламат
2-орын Қабдықайр Саян
2-орын Байжанов Арман

Жетекшілері: Ғ. Шоқпаров

Ұлтымыздың данагөй абызы Әз Төле бидің туғанына биыл 360 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде Төле биге арналған 6 «Ә» сынып оқушыларының «Туралықтың тұғыры-Төле би» атты шешендікке толы ашық қойылымы өткізілді. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы, өз білім алушыларына абыз бидің өнегелі өмір жолымен таныстырып, қойылым арқылы насихаттауына ұйытқы бола білген класс жетекшісі - Г.С.Альсуйеуова.

25 қазан ұлттық мереке - Республика күніне байланысты мектебімізде "Таза табиғат" экологиялық шарасы өткізілді. Осы акция барысында мектеп ауласына 50 түп ағаш түптері отырғызылды.

20 қазан күні "Жаратылыстану ғылымдары Ассоциациясының" ұйымдастыруымен өткізілген математика, физика, информатика пәндері бойынша облыстық педагогикалық олимпиадасында мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Батаев Алмат Қонысбайұлы жүлделі орынға ие болды.

 

13 қазан күні Отбасы құндылығы-бала болашағы тақырыбында 7️⃣ сынып оқушыларына ата-ана жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, оның алдын алу;

Буллинг, оның түрлері, алдын алу шаралары;

Аутодеструктивті міне-құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі, оның алдын алу бойынша мектеп психологынан кеңестер беріліп,жаднама таратылды;

Ағымдағы оқу жылының 26-қыркүйек күні 5-6 сыныптар арасында математика пәні бойынша "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға барлығы 43 оқушы қатысып, оның ішінде 6 оқушы қалалық кезеңге өтті.

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе