Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

13 маусым күні “Happy Life” жазғы алаңының жетінші күнінде дене шынықтыру пән мұғалімдерімен бірге таңғы жаттығу;
Жазғы алаң тәрбиешілерімен бірге Ақтөбе облыстық планетарийінің “Тіршілігі қайталанбас ғаламшар” бағдарламасын тыңдады. Балалар үшін өте қызықты, мол ақпарат аларлық керемет сапар болды.

 9 маусым күні “Happy Life” жазғы алаңының бесінші күнінде дене шынықтыру пән мұғалімдерімен бірге таңғы жаттығу;
Жазғы алаң тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен табиғат аясындағы серуенге шығып, түрлі ойындар ойнап, би билеп, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді.

8 маусым күні “Happy Life” жазғы алаңының төртінші күнінде дене шынықтыру пән мұғалімдерімен бірге таңғы жаттығу;
Жазғы алаң тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Кел, ойнайық бәріміз» атты қозғалмалы ойындар;
«Ғажайып сурет әлемінде» тақырыбында балалар пейзаждық суреттер салып, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді.

Kids Land жазғы лагері балалары , бүгінгі күнін:
шығармашылық
танымдық
қияли
сергіту
тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап шықты.

7 маусым күні “Happy Life” жазғы алаңының үшінші күнінде дене шынықтыру және жазғы алаң тәрбиешілерімен бірге “Кел, ойнайық балақай” таңғы жаттығуы;
Алақай қуыршақ театрының “Қиялдарға кетпеші” қойылымы;
“Тыңда, Оқы, Шырқа” әншілер шеруі өтті.

Бүгін мектеп жанындағы “Kids Land” жазғы лагері жоспарға сәйкес, “ Бой жазайық, кел, ойнайық!” тақырыбында спорттық жарысын ұйымдастырды.

Бүгін №78 мектеп - гимназиясында қалалық спартакиада жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жыл сайынғы өткізіліп келе жатқан қалалық спартакиадада мұғалімдер спорттың 5 түрінен сайысты. Олар: теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол. Шараға «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жерглікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лидия Шайгазиевна , Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинет директоры Ақманар Махмудовна мен дене шынықтыру әдіскері Алмас Жиенғалиұлы қатысты. Шараның өтуіне зор үлес қосқан, демеушілік жасаған «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жерглікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Уралбаева Лидия Шайгазиевна бас төрешілерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлық табыстады.

5-19 мамыр аралығында мектебімізде алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес, 10 сыныптар арасынан 46 ер балалардың қатысуымен оқу далалық жиыны бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.

6 маусым күні “Happy Life” жазғы алаңының екінші күнінде “Кел, ойнайық балақай”  таңғы жаттығуы;
“Ертегілер әлеміне саяхат” мультфильм көру  және т.б. қызықты танымдық ойындар мен сергіту сәттері өткізілді.

Бүгін мектеп жанындағы “Kids Land” жазғы лагері мен “Happy Life” жазғы алаңы өз жұмысын бастады. Барлығы 85 оқушыны қамтыған лагерь мен алаңның ұзақтығы екі аптаға созылады. Балаларды алдағы уақытта қызықты ойындар мен саяхаттар,  бассейн және театр қойылымдары күтеді. 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе