Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

IV оқу тоқсаны аяқталған сәтте , 5-10 сынып оқушыларының әкелерімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Жиналыстың күн тәртібінде ер балалар тәрбиесі, зиянды іс әрекеттердің зардаптары, жазғы мезгілдегі оқушылардың қауіпсіздігі, мемлекеттік емтиханға дайындық сияқты мәселелер қозғалды. 

Қосымша және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған қалалық "Домбыра сазы" атты жас күйшілер байқауында 4 "Г" сынып оқушысы Темірханова Інжу І-ші дәрежелі диплом марапатталады.

"Шырқа дауысым" атты жас өнерпаздар байқауында 3 "Д" сынып оқушысы Амангелді Темірлан ІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталады.

Жетекшісі : Тенелова Ляззат

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "АБАЙ ОҚУЛАРЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жексенбаев Қанат ІІІ-ші орын
Жұмалин Ағлен - Алғыс хат

Жетекшісі: Шатенова Айнаш Тажиевна 

Міне,бүгін қызығы мен қиыншылығы мол,әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі,оқушылардың сыныптан –сыныпқа көшіп,асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын соңғы қоңырау салтанаты да өз мәресіне жетті. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.


31 мамыр - оқу жылының соңғы сабақ өткізілетін күні. Осы күні бекітілген кестеге сәйкес, мектебімізде 1-11 сынып аралығында бірыңғай тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын ! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.

 

8-21 мамыр аралығында қаламызда "Grace Aktobe” көркем гимнастика орталығының ұйымдастырумен ең аукымды «UMIT CUP 2023» атты көркем гимнастикадан ашык чемпионаты өткізілді. Осы атаулы жарыста мектебіміздің 2 "Б" және 2 "Ж" сынып оқушылары 2014-2015 жылғылар арасынан керемет нәтиже көрсетіп, үлкен жетістікке ие болды.

Урбисинова Ашина 100/96 ұпайымен III денгей

Тлеуғабылова Байсұлу 34,6 ұпайымен IV деңгей

Құттықтаймыз !!!

Бадамша балалар жасөспірімдер спорт мектебінің 55-жылдығына арналған 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы бокстан облыстық турнирінде мектебіміздің оқушысы Файзуллин Фархат жүлделі ІІІ-ші орынды иеленді.
Құттықтаймыз !!!
Жетекшісі : Шоқпаров Ғалымжан

21 мамыр күні мектебімізде оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 8,9,10 сынып оқушылары арасында футболдан мектепішілік жарыс өткізілді. Қорытынды нәтиже бойынша төмендегі сыныптар марапатталды.
І-ші орын - 10 Б класс ұлдар құрамасы
ІІ-ші орын -  9 Б класс ұлдар құрамасы
ІІІ-ші орын -  9 Ә класс ұлдар құрамасы

Жетекшісі : Сәрсеналыұлы Шындос

18,19,20 мамыр күндері 7,8,9,10 сынып оқушыларына арналған арнайы жиналыс өткізілді. Жиналыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер ретінде төмендегі ақпараттар талқыланды:
- Оқушылар арасындағы Web электронды темекінің зияны;
- Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігі;
- Жыныстық тәрбие беру мәселелері;
- Мектеп бітіруші түлектердің мемлекеттік емтиханға дайындығы;

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе