Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Әлеуметтік желілер
Директор парақшасы
Жаңалықтар

Ұжыммен бірге сенбілік!
Осы ұранмен мектеп ұжымы күзгі санитарлық екі айлық қаланы тазарту және абаттандыру шарасын қолдап, мектеп ауласын ретке келтірдік.

Биылғы 2022-2023 оқу жылына мектеп автобусы өз жұмысын қайта бастады.
Қазіргі таңда 100-ден аса білім алушы мектеп автобусы қызметін пайдаланып отыр.
Мектеп автобусы - қоғамдық көлік.
Білім алушылардың қоғамдық көліктегі тәртібі мен өзгелерге қарым-қатынасы, олардың бір- біріне деген құрметінің артуы тәрбиелік шараларға тікелей байланысты.
16 қыркүйек күні #3 ҚПБ полиция бөлімінің аға лейтенанты Б.А.Теміржанқызы білім алушыларға
жолда жүру ережелерін;
автобус ішіндегі қарыс-қатынас, үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқорлық көрсету;
Аялдамада немесе автобустан түсер уақытта ???? секілді заттарды пайдаланбау;
Мектеп автобусына жол беру;
Тәрбиеші мұғалімдердің рұқсатынсыз артық әрекеттерге бармау керектігін қатаң ескертіп, профилактикалық жұмыс жүргізді!

Мектеп пен ата-аналардың бір ортақ шешімге келіп, ауызбіршілікте әрекет етуі ең тиімді тәсіл.Балаға екі жақтан оңтайлы жағдай жасау, алдымызда отырған баланың болашағының жарқын кепілі.
Ата-ананың мектеп өміріне етене араласуы да ,бала үшін отбасының қолдауын нығайта түспек.
15-16 қыркүйек аралығы мектепке дейінгі даярлық топ ата-аналарына және 1 сынып ата-аналарына жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Күн тәртібінде:
Мектептің ішкі тәртіп ережелері;
Тыйым салынған заттар туралы;
Білім алушылардың сабаққа қатысымы;
Мектеп медбикесінің бала денсаулығына қатысты "Дені сау бала- қоғам айнасы" атты лекциясы класқа қатысты бірқатао мәселелер қозғалып, класс жетекшілер әр ата-анамен жұмыстарын жүргізді.

Әрбір білім алушының құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру проблемаларын белсенді жүзеге асыру мақсатында мектеп Алматы аудандық #3 ҚПБ полиция басқармасымен бірлесе жоспарлы шараларды жүзеге асырып келеді.
15 қыркүйек күні мектеп инспекторы ????‍✈️Ақбота Теміржанқызы 5-7 класс білім алушыларына мектеп ішіндегі, қоғамдық орындардағы, кешкі мезгілдегі ережелермен қатаң таныстырып, білім алушыларды нормаларға қайшы келетін мінез-құлықтардан аулақ болуға, құқықтық сауаттылыққа шақырды.

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе