Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Әлеуметтік желілер
Директор парақшасы
Жаңалықтар

“Екі жұлдыз-2022”

23-05-2022, 22:31

Мектебіміздің дәстүріне айналған “Екі жұлдыз-2022” ән байқауы өз мәресіне жетті.
Бұл айналымда қатысушы жұптар, әр жылдың ең үздік, танымал хит әндерін өз нақышында орындап шықты.

Байқауға Қамқоршылық кеңес төрайымы: Мухишева А.А мен музыка пәні мұғалімі Кустубаева А.С төрелік етті.

Қатысушы жұптардың барлық 3 айналым бойынша жинаған ұпай сандары мен Сахналық қойылым, ән орындау шеберлігі мен әртістік шеберлік бағаланып, төмендегідей мараппаттарға ие болды.

I орын- информатика пәні мұғалімі - Әуезова Э. мен 9 “А” сынып оқушысы Дусипова Ғ;
II орын - биология пәні мұғалімі Айманова Ж. мен 9 “Д” сынып оқушысы Мустафаева М;
III орын- Информатика пәні мұғалімі Балиянов Б. мен 9 ”А” сынып оқушысы Ахмет А;
”Көрермендер көзайымы” номинациясымен- Тарих пәні мұғалімі Аққожа М. мен 9 ”Г” сынып оқушысы Жумабаева Т.;
Ағылшын пәні мұғалімі Баканова А мен 10 ”А” сынып оқушысы Құттымұрат Г. алғыс хатпен марапатталды.

6 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған ән байқауымызға қатысқан гран-при, 1 орын иегерлері мен түлектер және өнерлі отбасылар өз өнерлерін қалың көпшілікке тарту етіп, байқау Гала-концертпен жалғасын тапты.

@obrazovanie_gorod_aktobe

Мектебімізде осыдан төрт жыл бұрын білім табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінде 4 сыныпты аяқтап, орта білім кезеңіне қадам басты. Бастауышпен қоштасу салтанатынан көрініс тапқан сәттерді назарларыңызға ұсынамыз.

Мектебімізде дәстүрге айналған "Екі жұлдыз" жобасының екінші кезеңі өз деңгейінде өткізілді. Бұл айналымның негізгі тақырыбына арқау болған өзге ұлттың тілінде ән орындау болып табылады. Жұптық сайысқа қатысып жатқан жұлдыздар осы жолы өздерін басқа қырынан ашып көрсетуге тырысты.
#екіжұлдыз2022

@obrazovanie_gorod_aktobe

Республикалық Абай оқуларының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 8 "Г" класс оқушысы Жумалин Ағлен III-орын иеленді.
Жетекшісі: А.Т.Шатенова.

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе