Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

Бүгінде ағылшын тілі "әлемдік тіл" мәртебесіне ие. Сондықтан ағылшын тілінде сөйлейтін ортаны қалыптастыру қазіргі заманның негізгі талабы. Сол себепті мектебімізде жоғарғы сынып оқушыларымен арнайы ағылшын тілінің маманы Mr. Horshang мырза кездесу өткізді. Осы жиын барысында оқушылар тілді қабілеттерін дамыту мақсатында бірнеше сұрақтар қойды. Кездесу форматы өте қызықты, әрі пайдалы өтті.

????ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған "Мұқағалидың сырлы әлемі" атты қалалық сурет байқауында мектебіміздің 9 сынып оқушысы Наурызбаев Әмір үздік оқушы ретінде бас жүлдеге ие болды.  Жетекшісі: Умбет Мейрамбек

 

Бүгін айтулы күн

23-12-2021, 23:56

⭐ Бүгін айтулы күн!!!!  ⭐Бүгін 9 ай бойы табандылықпен еңбек еткен оқушылар ерекше марапатталды.  ⭐130-ға жуық оқушы арасынан суырылып шығып 30 оқушы қола, күміс, алтын белгілерімен, мақтау қағаздарымен марапатталды.  ⭐Үздік оқушыларымыз қалалық білім бөлімінің басшысы М.О.Қосымбаеваның  қолынан грамоталармен марапатталды  ⭐"Smart оқушы" жобасы - оқушыны сабырлық пен тиянақтылыққа, табандылық пен алға ұмтылуға, бәсекеге қабілеттілікке бағыттайтын шынайы жоба  ⭐Оқушымен бірге жеңіске ұмтылған ата-ана еңбегі де ескерусіз қалмады. Балаларын жігерлендіріп, қолдау көрсеткен ата-аналар да марапатталды.   ⭐Жеңісте де,жемісте де оқушыларымыз нәтижелі болсын!!!!

 

 

 

 

 

"Тәуелсіздік CUP”

13-12-2021, 10:55

????ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген "Тәуелсіздік CUP” мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікірсайыс турнирінің үздік спикер атанған Сейітқазы Ислам марапатталады. Жетекшісі: Түгелбаева Гүлназ Абылайқызы . Құттықтаймыз!

 

????Математика пәнінен республикалық "Алтын сақа" олимпиадасының облыстық кезеңінде көрсеткен жетістігі үшін мектебіміздің 6 сынып оқушысы Дусипов Амир марапатталады.Жетекшісі: Батаев Алмат Қонысбайұлы. Құттықтаймыз ! ????????

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе