Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

Тамыз кеңесі

27-08-2020, 15:30

25 тамыз күні педагогтер мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің "Білім және ғылым:жаңа оқу жылының ерекшеліктері тақырыбында пленарлық отырысы өтті. Тамыз кеңесіне облыс әкімі О.О.Сейілұлы,білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағалары, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтер қатысты.2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша орта білім беретін үздік ұйым анықталып, #8 жалпы білім беретін орта мектеп республикалық "Орта білім беретін үздік ұйым"байқауының грант жеңімпазы атанды!

2020 жылғы Кіші Ғылым академиясының 24-ші облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына #8 орта мектебінің оқушылары өз баяндамаларын ұсынып, 13 жұмыс жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды және жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

 

"Ақтөбе-Дарын" ӨҒТ ҚББО-ның ұйымдастыруымен "Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы" тақырыбында қашықтықтан өткізілген облыстық эссе байқауына 11а класс оқушысы Сағындық Аида қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды, жетекшісі Ш.К.Муканова. ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ құтты болсын!

 

Спартакиада 2020

27-03-2020, 10:28

Қала мектептерінің арасында өткен спартакиадаға мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімдері қатысып, ерлер бойынша 2️⃣орын, қыздар бойынша 5️⃣орын иеленді. Жалпы командалық есебінде #8 мектеп 5️⃣орынға табан тіреді. Құттықтаймыз

Гуманитарлык пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" тақырыбында Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ӘҒА академигі Тайжанов Алтай Тайжанұлымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты- еліміздің өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, оқушылардың таным түсініктерін кеңейту. Игі шараның ұйымдастырушысы тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Жайбергенов пен оқушылар профессорға бірқатар сұрақтар қойды.
Кездесу соңында мектеп директоры А.Б.Жаксыбаева өз алғысын білдіріп, "Мұғалжар ауданының энциклопедия" кітабын ұсынды.

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе