Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

Мектебімізде  "GoGlobal-2020" халықаралық олимпиадасы болып өтті. Олимпиадаға 8-9-10 класс окушыларынан 41 қатысушы қатысты. Жарыста жүлделі бірінші орын алған оқушы Англияға жолдама алады. Сол себепті бүгінгі қатысушыларға сәттілік тілей отырып, ұйымдастырушы ағылшын пәнінің мұғалімі Серікова Айдана Бағданбекқызына алғыс білдіреміз.

 

 

8 орта мектебінен облыстық "ДАРЫН" ғылыми жобасына 10 жұмыс тапсырылды, 6-ы экспертизаға барып, 4-і қорғауға өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінен 10 класс оқушылары Рахат Дильназ, Сағындық Аида ІІ орын - жетекшісі Муканова Шарипа, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 9 класс оқушылары Сокурова Раушан, Мақсат Аймекен ІІ орын - жетекшілері Кулгарашева Гульнар, Апендина Гүлжазира, физика пәнінен 9 класс оқушысы Аманғали Нұрсұлтан ІІІ орын жетекшісі Байтурсынова Зухра . Жоғары нәтиже көрсете білген аталған мұғалімдер мен оқушыларға ерекше алғыс білдіреміз

Жалпы білім беретін мектептердің жас мамандары арасында ҚР тұңғыш Президент күніне арналған " Мәңгілік елдің болашағы - жастар" атты эссе жазу байқауында #8 мектептің мұғалімдері М.Д. Орын - бас жүлдеге, Г.Б. Серікова - II орынға, А.М. Имагамбетова- III орынға, Г.А.Жукенова сертификатка ие болды. Байқауда ерекше жетістік көрсете білген ұстаздарымызға алғыс жариялаймыз

 

Бүгін Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысының қатысушыларын «Білім беру менеджментінің заманауи әдістерінің панорамасы» аясында №8 орта мектебінің ұжымы қарсы алды.
Қонақтар 8 нысанға бөлініп, әр нысан бойынша оқушылар шығармашылық жұмыстарын және жетістіктерін көрсетті: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «100 есім», «Букроссинг», «Жастар бұрышы», «Онлайн кітапханаларға» Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай галлериясы»; Оқушылардың зертханалық жұмыстар жасауына арналған «IТ», «Робототехника» кабинеттері. Сонымен бірге білім алушыны оқуға бейімдеу үшін қолайлы орта жасау мақсатындағы жасақталған «Шахмат» (Қазақстан шахмат федерациясымен, «Шахмат мектепте» республикалық байқау нәтижесінде жабдықталған) кабинеттеріне саяхат жасады. Саяхаттың әр бөлігінде қонақтарға мозаика бөліктері беріліп және әр нысаннан бір үлкен детальдан алынды. Қорытынды кезінде сол үлкен бөліктерден Ақтөбе қаласының картасында бейнеленген №8 орта мектептің басқару жүйесінің моделі құрастырылды. Құрастырылған мозаика қонақтарға ресурс ретінде үлестірілді. «Инновациялық қызмет және консталтинг» (іс-тәжірибелер таныстырылымы) бөлімінде мектеп директоры Айсұлу Берікқызы Жақсыбаева мектеп басқару жүйесі, мектеп мұғалімдері мен оқушылардың жетістіктері туралы таныстырылым жасады.

IT кабинет Білім беру саласының жоғары дәрежеде болуы елдің дамуына үлкен септігін тигізеді. Бүгінде Қазақстанда білім берудің қай деңгейінде болсын маңызды өзгерістер орын алуда. Оқыту бағдарламалары жаңартылып, заманауи технологиялар оқу үдерісіне тиімді енгізілуде. Мектепке цифрлық технологияларды енгізу, бұл оқушының әлеуетін көрсетуге, оқушыларды жан-жақты дамытуға жол ашады. Қазіргі оқу жүйесінде барлығы сандық технологияға көшуде. Осындай заман талабынан туындаған міндеттердің бірі – мектептердегі оқушыларға арналған IT кабинеттер. Осы орайда, 2017-2018 оқу жылында IT кабинеті ашылды. Бұл мектеп оқушыларының сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ. Кабинет «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылды. Елбасының Жолдауында білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыруда цифрлы технология кабинеті оқушыларға үлкен көмек болмақ. IT кабинеті тың идеялар мен жаңа ізденістерге жол ашады. Кабинетте-заманауи компьютер, соңғы үлгідегі түрлі түсті принтермен, жоғары жылдамдықтағы интернет және қажетті веб-бағдарламалармен жабдықталған. Инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар білімін арттырып, шеберлігін шыңдап, түрлі байқауларға дайындалуға мүмкіндік алады. IT кабинеті білім берудің цифрлық жүйесінде үлкен орын алады.

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Средняя школа № 8Общеобразовательная школа в Актобе