Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Жаңалықтар

19 ақпан күні №8 орта мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын "Қамқорлық" дәстүрлі республикалық акция аясында жетім, ата-анасы қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларды қолдау мақсатында мектепте қайырымдылық жәрменке ұйымдастырылды. Жәрменкеге оқушылар,мұғалімдер және ата-аналар қолдау жасап, атсалысып үйден пісірілген тағамдарды және қол өнер бұйымдарын жасап, қол жетімді бағалармен сатып өз үлестерін қосты. #obrazovanie_gorod_aktobe #akimat_aktobe

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тəжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 8 орта мектебінде облыс мектептерінің кітапханашыларының қатысуымен "Кітап білім бұлағы!" атты "Буккросинг" семинары өтті.

 

2018 жылдың  2 сәуірінде №8 –мектепте «Білім мазмұнын жаңарту аясындағы ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында  деңгейлік бағдарламасы  бойынша  курстан өткен педагог  кадрлардың қалалық  семинары  болып  өтті. Жаңартылған  білім  мазмұны  жағдайындағы  мәселелерді  шешу  мен  шешім  қабылдау тәжірибесімен бөлісу  мақсатында «Танысу», «Тәжірибе», «Талқылау», «Тиімді  әдіс-тәсілдер» алаңдарына бөлініп  өткізілген  бұл  семинарда  жаңа мазмұнды білім беру  жағдайындағы  ізденістер, проблемалар  және оларды  шешу жолдары, креативті тәсілдер арқылы  қалыптастырушы  бағалауды қолданудың  тиімді  жақтары  ұсынылды, «Тиімді  әдіс-тәсілдер» алаңында «Әдістемелік  қоржын»  айдарымен  мектептің  1,2,5,7-сыныптарында  сабақ  беретін  пән  мұғалімдері өз  тәжірибелерінен  тиімділігіне  көз жеткізген түрлі әдіс-тәсілдерді  ортаға  салды. Семинарға  қатысушылар  семинар жұмысына  жоғары баға  берді.

 

Жыл сайын 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында "Қамқорлық" акциясы аясында №8 орта мектебінің жетім,ата-анасы қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларды қолдау мақсатында "Жүрегім толы мейірім" қайырымдылық концерт өтті.

 

 

10 кл окушылары 2016-2017 оқу жылының далалық әскери оқу-жаттығу жиынынан жеңіспен оралды. Мектеп абройын асқақтатып,беделiн биiкке көтерген айбынды ұландарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!! Жарайсыздар!!!

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Средняя школа № 8Общеобразовательная школа в Актобе