Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Әлеуметтік желілер
Директор парақшасы
Жаңалықтар

"Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы және ҚР Қарулы Күштерінің 31 толуына байланысты қала мектептерінің арасында өткізілген "Жас жауынгер- 2023" атты әскери қолданбалы жарысында мектеп командасы ІІІ орын иеленді.

 

7 сәуір күні мектебімізде 5-7 класс оқушылары арасында мектептің ішкі тәртіп ережелері туралы дәріс өткізілді. Бұл кездесуде мектебіміздің инспекторы Абдоллаева Жаннұр жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық , түнгі беймезгіл уақытта көшеде жүрмеу, зиянды заттардан аулақ болу тақырыбында сөз қозғады.

 

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген Жұмабек Тәшеновтың 108 жылдығы, Ж.Тәшенов атындағы #68 мектептің ашылуына орай, "Ұлтына қорған болған ұлы тұлға- Жұмабек Тәшенов" атты ғылыми практикалық конференциясында жүлделі І орынға ие болған 10 сынып оқушысы Қайырханова Арайлым марапатталады.
Жетекшісі: А.А.Бишенова

Құттықтаймыз !

 

4 сәуір күні , мектебімізде "Дін мәселелері мен қоғаммен байланыс" жөніндегі КММ ұйымдастыруымен 9-11 класс оқушылары арасында арнайы кездесу өткізілді. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы теріс діни ағымдар мен діни мәселелер туралы сөз қозғалды. Арнайы ұйымның атынан келген "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс" жөніндегі орталығының теолог маманы Қадирханова Жулдыз Замирқызы,
психолог маманы Тулепбергенов Тимур Тайбекович, мекеме басшысы орынбасары Мұқанов Сәбит Сабырұлы оқушыларға арнайы дәріс өткізіп, "Деструктивті діни ағымды жақтаушылардың психологиялық өзгерістері" тақырыбындағы сұрақтарды талқылады.
 

Шығармашылық академиясында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Олимпиада нәтижесінде «ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДА" номинациясы бойынша Ақтөбе қаласының командасы (І орын-42, ІІ-75, ІІІ-90) жүлделі І ОРЫНҒА ие болды.


 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе