2023 жылдың 10 наурыз күні бастауыш класс мұғалімдерінің жас мамандарына арналған «Заманауи жас бастауыш класс маманы-2023» қалалық байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен 25 жас маман қатысып, додаға түсті. Байқау 3 бөлімнен тұрды.

КММ "№8 орта мектебі", Ақтөбе қаласы » Страница 78
2023 жылдың 10 наурыз күні бастауыш класс мұғалімдерінің жас мамандарына арналған «Заманауи жас бастауыш класс маманы-2023» қалалық байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен 25 жас маман қатысып, додаға түсті. Байқау 3 бөлімнен тұрды.

4-10 наурыз аралығында Астана қаласында ерлер мен әйелдер, жасөспірім қыздар мен ұлдар , ардагерлер арасында өткізілген эпикировкалық жатып сығымдаудан және жатып сығымдаудан ҚР чемпионатында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таубаев Нұрғали жүлделі III - орынды иеленді.
Құттықтаймыз !!

12-03-2023, 12:39
"Ақтөбе - Дарын" ғылыми тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мен "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде мектебіміздің екі оқушысы жүлделі орынмен марапатталды.

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беретін ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында өткізілген "Қазақтың ұлттық бұйымдары" атты қолөнер байқауында үздік нәтиже көрсеткен төмендегі оқушылар марапатталады:

7-03-2023, 10:46
6 наурыз күні 3 "Ә" сынып оқушылары мен әкелердің қатысуымен "Әке - отбасының алтын діңгегі" атты сыныптан тыс шарасы өткізілді. Бұл шараның мақсаты - отбасының ұйытқысы негізгі тірегі әке екенін түсіндіру, әкеге деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қыз бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.
