Анықтама 1
Мектеп кітапханасында « Ғажайып киіз үйдегі » қызықты ертегі тақырыбында 4 сыныптармен әңгіме өткізілді.
Мақсаты: Оқырмандардың / оқушылардың / кітапқа деген қызығушылығын ояту, халқымыздың ұлттық тәрбиесін ұштастырып, ой-өрісін дамыту, ұжымдық орта қалыптастыру. Оқушылар киіз үй ішінде отырып, қазақи дәстүрде ой- бөлісіп, сұраққа жауап беріп, ертегі тыңдап, алған әсерлері бойынша , белсенділік таныта білді. Мектебімізде апта сайын бастауыш буын мен орта буын сыныптар арасында жүзеге асырылып отырады.