Кітапхана ісі анықтама 5

Автор: admin от 16-04-2024, 12:38, посмотрело: 34

0

                                                               Анықтама 5

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі  Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жылдығына орай «Төле бидің қасиеттері мен өсиеттері » атты эссе байқауы өткізілді. Төле би бабамыздың ізгі әрекеттері мен биік болмысы, даналығы мен тапқырлығы, қара қылды қақ жарып айтар туралығы, әділ шешімі мен билік кесімдері елге қызмет етемін деген әрбір азаматқа үлгі болуы тиіс. Дана бидің ұрпағына аманат еткен асыл сөздері нағыз ақиқат пен парасаттылықтың ұшқыны ретінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатқандай. Естеріңізге сала отырып,  біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы оқушыларымыз пікірлерін айтып, өз ойларын толықтыра жазды.                                                                                                                

  Мақсаты: Төле бидің өмірі мен шығармашылық жолы туралы білетіндері арқылы шығармашылық жұмыс жасауға баулу, жазу сауаттылықтарын арттыру, ақын шығармашылығын кеңінен дәріптеу.                                                                                                     Эссе байқауына 5- 6 сынып оқушылары қатысып белсенділік танытты. Байқау барысында орта буын  оқушыларының шығармашылық белсенділіктері мен                     ой өрістері, сөздік қоры жоғары ұпайлармен бағаланды.

 

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Кітапхана жұмысы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.