Анықтама 6
15 желтоқсан күні 4 сынып оқушыларымен « Тәуелсіздік - тірегім, Қазақстан жүрегім » атты танымдық сағаты өткізілді. Тарихтың ойлы - қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болды. Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.
Мақсаты: Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз - тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Тәуелсіздіктің иесі - халық, халықтың анасы - Отан екенін түсіндіру. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық Азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.