Анықтама 10
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, өлкемізге ұсынылған Республикалық челлендж барысында Қазақстанның халық қаhарманы, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесінің мазмұнын баяндау мақсатында 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен мектеп кітапханасында оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияда басты кейіпкеріміздің кішкентайынан басына түскен ауыртпашылықты жеңіп шығу жолындағы адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімі туралы және шығармадағы жағымсыз кейіпкердің бейнесі жайында сұрақтар қозғалды. Оқушыларға Қасым Қайсеновтың шығармашылығы туралы әңгімелер жинағы, очерктері, өлеңдері, мақалалары таныстырылды. Оқушыларға патриоттық тәрбие беретін шарада оқушылар өз ой-пікірлерін айтып жақсы әсер алды.