Әр мереке - бұл әрдайым айтулы оқиға, соның ішінде мектеп мерейтойы-өмірдің ерекше белесімен байланысты көптеген ұрпақ тарихындағы ерекше күн. Осыдан 10 жыл бұрын, дәл осы күні қаламыздың “Гүлдер” ауданында мыңдаған шәкірттің зердесіне білім құйып, өмір жолдамасын алуына ықпал ететін “№8 орта мектебі” өз жұмысын бастады.
Сол күннен бастап білім ұйымы ұжымының еңбекқорлығы мен шығармашылық қабілеттері, әрқашан тандемде жұмыс істейтін, педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың дарынды арсеналының бірлігінің нәтижесінде жетістіктерге жетіп келеді.
Мектебімізде “Он жыл қысың, он жыл жазың-көктемің, Құтты болсын, мерейтойың, мектебім!” тақырыбындағы білім ордасының мерейтойына арналған онкүндік жоспарланды.