» Последние публикации на сайте » Страница 141

 
 
 

«100» есім жобасы

Автор: admin от 22-01-2020, 12:47, посмотрело: 269

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған. Бұл жоба жайында Елбасы «Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп ескерткен болатын. «Жаңа есім» жобасы өзінің батыры мен ақынын көрсеткісі келетін қалың жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әрбір облыстың, әрбір ауданның, тіпті әрбір мектептің, ұжымның үздік жүз тұлғасын тізімдеп шығу бастамасы жиі көтерілуде.
Мектеп қабырғасында ақылымен, дарынымен мектеп тіршілігіне үлкен үлес қосқан оқушылар мен ұстаздар санаты осы бұрыштан орын алып отыр. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар да өзін жетістік жолында, елге еңбек сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін болады. Елі үшін, жері үшін қандай да бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады. Бұл “100 есім” бұрышы алдағы уақытта әрбір адамның туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы осы екендігін сезіндіру мақсатында қызмет етеді. Бұл бұрыш 2017 жылы құрылды.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Жолда жүру тәртібін сақтау- адам өмірінің басты кепілі

Автор: admin от 21-01-2020, 20:16, посмотрело: 413

Мектебімізде қалалық білім бөлімінің кестесіне сәйкес, "Жолда жүру тәртібін сақтау- адам өмірінің басты кепілі" тақырыбында жалпы ата аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мәселесі оқушылардың өмір қауіпсіздігіне байланысты мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышева Шәрбану сөз сөйледі. Осы мәселеге сай, мектеп инспекторы Алданова Гүлнұр арнайы баяндама окып, ата аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Категория: Ата-аналарға

 

Көшеттер отырғызу рәсімі өткізілді

Автор: admin от 20-01-2020, 10:02, посмотрело: 409

Мектебімізде оқушылармен бірге табиғат пен туған өлкеге сүйіспеншілікпен қарауға бағыттайтын бірыңғай республикалық экологиялық сағат аясында мектеп ауласына Е.В. Гончаровтың қатысуымен жаңадан көшеттер отырғызу рәсімі өткізілді.

Категория: Мектеп жайлы / Мектеп дәстүрі

 

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына катысты “флешмоб /challenge /“ жабылу салтанаты

Автор: admin от 17-01-2020, 13:51, посмотрело: 297

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына катысты “флешмоб /challenge /“ жабылу салтанатына қатысқан 9-11 класс оқушылары мен мектеп мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.

 

Категория: ---

 

Онлайн кітапхана

Автор: admin от 14-01-2020, 13:15, посмотрело: 281

Бүгінде бүкіл дүниежүзілік мұраны іс жүзінде арнайы орын не жай бөлмей-ақ, үйге не кеңсеге сыйдыруға болады. Электронды кітапханаға Интернетке қосылған кез келген компьютер не мобильді құрылғы арқылы қол жеткізе алуға болады. Қажетті кітапты табу қиындық туғызбайды. Электронды кітапхананың міндетті элементтерінің бірі болып баспалдақты құрылымды электронды каталог саналады, ол кітапты қосу не жою шараларына байланысты автоматты түрде толықтырылады және жаңартылады. Сонымен қатар, электронды кітап қоймасында іздеу жүйесі қарастырылған, мұнда кітапты атауымен, авторымен, шығу мерзімі және басқа деректерге байланысты тауып алуға болады.
Мектеп кітапханасында көркем әдебиеттер топтастырылған онлайн тақтасы орналасқан. Оқырман QR код бағдарламасы арқылы қалаған көркем шығарманы қиындықсыз оқи алады. Онлайн тақтасы қызмет етуде инклюзивті оқытуды жүзеге асыруда да тиімді көрінеді. 2017 жылдан бастап кітапханадағы онлайн тақтасын оқушылар жүйелі пайдаланып, көркем шығармаларды оқуда заманауи үлгісін пайдаланып келеді.

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine