⭐ Бүгін айтулы күн!!!! ⭐Бүгін 9 ай бойы табандылықпен еңбек еткен оқушылар ерекше марапатталды. ⭐130-ға жуық оқушы арасынан суырылып шығып 30 оқушы қола, күміс, алтын белгілерімен, мақтау қағаздарымен марапатталды. ⭐Үздік оқушыларымыз қалалық білім бөлімінің басшысы М.О.Қосымбаеваның қолынан грамоталармен марапатталды ⭐"Smart оқушы" жобасы - оқушыны сабырлық пен тиянақтылыққа, табандылық пен алға ұмтылуға, бәсекеге қабілеттілікке бағыттайтын шынайы жоба ⭐Оқушымен бірге жеңіске ұмтылған ата-ана еңбегі де ескерусіз қалмады. Балаларын жігерлендіріп, қолдау көрсеткен ата-аналар да марапатталды. ⭐Жеңісте де,жемісте де оқушыларымыз нәтижелі болсын!!!!




