#8 орта мектепте Денсаулық күніне орай 7-14 қыркүйек аралығында "Денсаулық - басты байлық" атты апталығы өткізілуде. Оқушыларды салауатты өмір салтына тəрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын жаттығу түрлеріне арнауға баулу мақсатында мектебімізде бірнеше шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, 8-11 класс оқушылары арасында гір спортынан жарыс , 5-6 сынып оқушылары арасында минифутбол жарыстары өткізілді. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
Сонымен қатар, "Белсенді өмір-жүз жастық ғұмыр" атты флеш-моб, 1- сынып оқушыларына "Тазалық-денсаулық кепілі" тақырыбында медбикемен кездесу шаралары ұйымдастырылды. Осындай шаралар болашақта да өз жалғасын таппақ.