2018-2019 оқу жылы бойынша №8 орта мектепте аз қамтылған, көп балалы, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар ЖББ қорынан бөлінетін қаражаттан ыстық тамақпен оқушыларды қамтылуы туралы мәлімет
2018-2019 оқу жылында мектеп бойынша барлық оқушы саны 1323. Оқу жылының басында оқушылардың әлеуметтік жағдайын аңықтау мақсатында мектепішілік комиссия құрылып (Бұйрық №611, 28.08.2018) зертеулер өткізіп, мектептің әлеуметтік паспорт жасалынды. Көп балалы отбасында тәрбие алып жатқан 267 оқушы, аз қамтылған отбасында -33 оқушы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 5 оқушы. Жоспар бойынша осы категорияға кіретін оқушылармен жұмыс жасалып, жүргізілуде.
2018-2019 оқу жылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасындағы оқушылармен көптеген жұмыстар жүргізілді. Жылдың басынан бастап жетім, көп балалы, ата-анасы қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасындағы тәрбие алып жатқан оқушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңы 8-бабының 4-1 тармағына сәйкес ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Барлығы ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны -195 оқушы. Ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі жасалып, талапқа сай жинақталған құжаттары тіркеу журналға тіркеліп, бекітілді. Оқушылардың күнделікті тамақ ішуін бекітілген кесте бойынша жауапты мұғалімдер мен әлеуметтік педагогтар қадағалап отырады. Мектеп асханасының жағдайы талапқа сай және бекітілген ас мәзірі бойынша тамақтар әзірленген. Бракеражный, арнайы киім, азық-түлік шикізаттары талапқа сай сақталған. Аз қамтылған, көп балалы, жетім отбасы балалары кесте бойынша уақытында тамақтанады. Ас мәзірі ҚББ-нің бұйрығымен бекітілген.