2018 жылдың 2 сәуірінде №8 –мектепте «Білім мазмұнын жаңарту аясындағы ізденіс пен тәжірибе» тақырыбында деңгейлік бағдарламасы бойынша курстан өткен педагог кадрлардың қалалық семинары болып өтті.Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы мәселелерді шешу мен шешім қабылдау тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Танысу», «Тәжірибе», «Талқылау», «Тиімді әдіс-тәсілдер» алаңдарына бөлініп өткізілген бұл семинарда жаңа мазмұнды білім беру жағдайындағы ізденістер, проблемалар және оларды шешу жолдары, креативті тәсілдер арқылы қалыптастырушы бағалауды қолданудың тиімді жақтары ұсынылды, «Тиімді әдіс-тәсілдер» алаңында «Әдістемелік қоржын» айдарымен мектептің 1,2,5,7-сыныптарында сабақ беретін пән мұғалімдері өз тәжірибелерінен тиімділігіне көз жеткізген түрлі әдіс-тәсілдерді ортаға салды.Семинарға қатысушылар семинар жұмысына жоғары баға берді.