Көктемнің жер жіпсіп, күннің мол шуақты күндері келісімен №8 орта мектепте қызу көгалдандыру жұмыстары басталып кететіні көпке аян. Мектеп ауласын көгалдандыру мен гүлдендіру шараларына ұстаздар қауымы мен ата-аналар ат салысады. Үлкен еңбек мерекесінен оқушылар да қалысар емес. Сәнін келтіре отырғызылған жеміс ағаштары гүл атуда. Мектеп мақтанышы "Қазақстан" көгалына түрлі хош иісті гүлдер отырғызылуда. Мектептің екі жанынан орын алған мойындарын көкке созған екі тауыс бейнесі де жандана түсуде. Мектеп ауласы үнемі берекелі еңбекке, шат күлкіге, көптің ынтымағына толы.