Тыныста, Ақтөбе

Автор: admin от 6-11-2021, 16:31, посмотрело: 125

☘️ Өткен жылдан бері экология жанашырлары «Тыныста, Ақтөбе» топ еріктілерімен біршама жұмыстар атқарып, білім алушыларға экологиялық тәрбие беруде жұмыла біршама шараларды қолға алып келе жатырмыз. Сонау мектеп алғашқы ашылған кезеңге оралатын болсақ 2012 жылы мектеп ауласында қазіргі бой алған ағаштар мен жеміс ағаштарын елестете алмайтын едіңіздер. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші ұжымның ерекше ұйымшылдығының арқасында санаулы уақыт аралығында мектеп ауласы жасыл желекке айналып, бүгінде мектеп оқушылары мен мектеп бойындағы көше тұрғындары үшін дем алу орнына айналып отыр.Мектеп ауласын абаттаныру, жасыл желекпен, көз жауын аларлық әсем гүлдермен көмкеріп, безендіру әрине ол мектеп ұжымы, мектеп ата- аналары мен мектеп оқушыларының адал еңбектері. Өткен жылы аталған ерікті топ белсенділерімен мектеп ауласына жеміс ағаштары мен түрлі ағаш тұқымдас талдарды отырғызған болсақ, биылғы қазан айында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай мамандармен ақылдаса отыра отыз түп терек және емен ағаштарын отырғызып, б

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Шахмат жарысында I орын

Автор: admin от 6-11-2021, 16:28, посмотрело: 165

????ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл аясында жалпы білім беру қызметкерлері арасында жекелей шахмат жарысында  мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таубаев Нұрғали Нурыллаевич ????I орын иеленді. Құттықтаймыз !!!????✊???? @taubaevnurgali  @obrazovanie_gorod_aktobe

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

Сіз жолда жүру ережелерін білесіз бе?

Автор: admin от 15-09-2021, 19:45, посмотрело: 184

????Сіз жолда жүру ережелерін білесіз бе? ????Жолда жүру ережелерін бұлжытпай орындайсыз ба? Осы сұраққа білім алушылар жалпылама бірдей ұйымдастырылған тәрбие сағаттарында кеңінен талқылады. Ендеше,төмендегі ережелермен таныс болыңыздар!!!!

????Бағдаршамның түстерін жаттап,сол ережелерді байыппен орында.

????Жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен жүруді есіңнен шығарма.

????Автокөліктерге қарай ешқашан жүгіруші болма

????Автобуста үлкен кісілерге орын ұсынып, ілтипат білдіре біл

????Асықпа, қозғалған машиналарды  олар тоқтағанша сабырлықпен күте біл. 

@obrazovanie_gorod_aktobe

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

5 қыркүйек -Тілдер мерекесі

Автор: admin от 8-09-2021, 19:35, посмотрело: 140

5 қыркүйек -Тілдер мерекесі. Осы бір айтулы мереке күні " Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл "деп ұлағатты сөз қалдырған, Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тіл -қазына, тіл - ұлттың жүрегі.Тілі жойылса ұлттың да құлдырағаны. Тіл тек сөйлесу,пікірлесу құралы ғана емес,тіл күллі ұлттың басын бір шаңыраққа әкеліп қосқан, орны бөлек ұғым. Бүгінгі білім алушы ана тілінің қадірі мен қасиетін жоғалтпай, ана тіліміздің бай,сафтығын бағалап, қоспасыз қолданса ол кешегі  Ахмет, Мағжан,Міржақып,Абай, Шәкәрімдердің еңбектерінің айнасы. Бүгінгі ел тізгінін ұстайтын жастар мен білім алушыларға ана тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында " Мәңгілік ел-мәңгілі тіл" атты тәрбие сағаттары өткізілді.  @obrazovanie_gorod_aktobe

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 

1 класқа алғашқы қоңырау жиыны

Автор: admin от 3-09-2021, 19:31, посмотрело: 182

2 қыркүйек күні көптен күткен  алғашқы қоңырау жиынын  1 класқа аяқ басқан бүлдіршіндерімізбен бірге қарсы алдық.  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген бұл мерекенің әрбір оқушы мен ата-ана үшін ерекше екені сөзсіз.  Биылғы жылдың тағы бір керемет жаңалығы ол күллі қазақ даласына білім нәрін сеуіп, жазба әдебиетінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен бастау алған "Әліппе" оқулығының енгізілуі. Әрбір білім алушының сауатты, жаңа заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болуы үшін білім ордасының қалдырар ізі бір төбе. Осы орайда 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 65 түлек мектепті сәтті аяқтап, оның ішінде 27 (40%) оқушы мемлекеттік грант иегері атанса, 31 оқушы ЖОО түсіп отыр.Бұл мектеп ұжымы үшін үлкен жетістік. " Кел,балалар,оқылық " атты салтанатты жиында бүлдіршіндерімізге "Әліппе" оқулығы салтанатты түрде табысталды. Басқан қадамдары сәтті болғай!!!!! @obrazovanie_gorod_aktobe

 

 

 

 

Категория: Мектеп дәстүрі

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine