Спорттық акция “Қызықты старт”. “Білімді квест”

Автор: admin от 8-06-2022, 21:31, посмотрело: 116

”Күншуақ” жазғы алаң жоспарын басшылыққа ала отырып, топ жетекшілер “Қызықты старт” спорттық шарасы пен “Білімді квест” ойыны ұйымдастырды.

Спорттық шарада тәрбиеленушілер өзара 3 топқа бөлініп, бақ сынасты. Нәтижесінде,
”Барыс” тобы - I орын;

”Қыран” тобы - II орын;
”Жалын”- III орындарымен марапатталды.
Топта оқушылардың бір-бірімен етене тығыз байланыста жұмыс жасауын арттыру мақсатында, ”Білімді квест” ойыны ұйымдастырылды.

@obrazovanie_gorod_aktobe

Категория: Жаңалықтар

 

Отбасындағы ағайынды балалардың сыйластықтарын, бауырмалдылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шара өз мәресіне жетті.

Автор: admin от 7-06-2022, 21:57, посмотрело: 77

Сәуір айында бастау алған шараға 29 жұп ұсыныс білдірсе, жоба соңында 27 жұп алғырлықтарымен алға шықты.

Бірінші кезеңде ағайынды бауырлар өздерін таныстырса, Желіп жүріп жер таны бөлімінде облысымыздағм тарихи құнды жерлерімізге отбасыларымен жорық жасаса, үшінші бөлімде отбасылар өз өнерлерін ортаға салды.
Жоба қорытындысы 1 маусым - Балаларды қорғау күні ұйымдастырылып, әр отбасыға сыйлықтар, әр балаға кинопарк орталығына билеттер мен арнайы грамоталармен марапатталса, жобаның төрт кезеңі бойынша үздік деп танылған Ералылар мен Қожамырзалар отбасылары Мәртөк және Қарғалы су қоймасына отбамылық туристик жолдаманы жеңіп алды.

Категория: Жаңалықтар

 

”Күншуақ” жазғы алаңы алғашқы жұмыс аптасын сәтті аяқтады.

Автор: admin от 4-06-2022, 18:55, посмотрело: 190

”Күншуақ” жазғы алаңы алғашқы жұмыс аптасын сәтті аяқтады.
Жұма күнгі жазғы алаң тобының шаралары жоспары негізінде, «Достық» паркіне табиғат аясында экспедициялық жорық ұйымдастырылды.

Алаңға келуге өтініш берген 50 тәрбиеленуші , өзара екі топқа бөлініп, топ аттары,ұраны бекітілді.
1- топ. “Күншуақ” тобы
2- топ. ???????? “Жас Ұлан”тобы деп аталды.

Категория: Жаңалықтар

 

"Балаларға күн шуағын сыйлайық"

Автор: admin от 3-06-2022, 22:19, посмотрело: 84

Бүгін Күншуақ жазғы алаңының кезекті төртінші күні
нәтижелі,
пайдалы,
көңілді,
қызықты етіп аяқтады.

Алаң өз жұмысын балаларды сергітіп таңғы жаттығулары жасаудан бастады.

"Балаларға күн шуағын сыйлайық" тақырыбында асфальтқа сурет салу арқылы,
тәрбиеленушілерімізге таңғы көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру мақсатында жұмыстары жүргізілді.

Қызықты ойындар ойнатылып, сыйлықтармен марапатталды.

Тәрбиеленушілер мектебіміздің ауласын көгалдандыру барысында ,гүл суаруға абаттандыру жұмыстарына көмектесті.

Категория: Жаңалықтар

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine