Құрметтеу
Кемелдену
Ынтымақтастық
Негізгі құндылықтар
Жауапкершілік
Патриотизм
Адалдық
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @8_orta_mektep04 (@8_orta_mektep04)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @8_orta_mektep04 (@8_orta_mektep04)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @8_orta_mektep04 (@8_orta_mektep04)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @8_orta_mektep04 (@8_orta_mektep04)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @8_orta_mektep04 (@8_orta_mektep04)

Әлеуметтік желілер
Директор парақшасы
Жаңалықтар

6 қыркүйек күні №8 жалпы білім беретін орта мектебінде "Діни тұрақтылық-болашақ кепілі" тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 1-сынып ата-аналары мен теолог мамандар арасында кездесу өтті. Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласының Нұр-Астана мешітінің бас имамы, Дін мəселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұқанов Асқар Əбітайұлы және Ақтөбе қаласының Дін мəселелері және қоғаммен байланысы жөніндегі орталығы КММ директоры Құдайберген Мақсат Мұратұлы қатысты. Ата-аналар теолог мамандардан өздерін мазалап жүрген сауалдарға нақты жауаптарын алды.

 

Ақтөбе қалалық ғылыми -әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай 2019жылдың 12сәуір күні #8 орта мектебінде "Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті құзіреттілігін арттыру" тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға  қала мектептерінен 33 ағылшын тілі пәні мұғалімі қатысты.Семинар мақсаты: Ағылшын тілі сабағында коммуникативтік тіл ерекшеліктерін дамытуға ықпал ете отырып,оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру.Семинар барасында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 6кл "  Shopping”   Жаушыбаева А.Ж,7кл "Healthy habit” Куздыбаева Н.А. ашық сабақтар және 5кл"Highland games” Акилбекова С  ,6кл "Our neighborhood" Турсынбекова Н.Н панорамалық сабақтарында АКТ теxнологияларын тиімді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативті құзіреттілігін арттыру жолдарын көрсетті. Семинар соңы "Legends never die” тақырыбында әдеби музыкалық кешпен қорытындалынды.

1-Наурыз күні #8 орта мектебінде "Алғыс айту" мерейрамына орай концерт өтті. Мерекелік концертте көп балалы, аз қамтылған, жетім 35 окушыға қолдау көрсетіп, көмек көрсетілді. Көмек ретінде оқушыларға куртка, аяқ-киім, оқу құралдары және мектеп формасы берілді.

 

#8 орта мектебінде оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының маманы Ұлқабай Сансызбай Жәдігерұлының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында ақпараттық парақшалар ұсынылып, бейнеролик көрсетілді. Оқушылар маман тарапынан толық ақпарат және сұрақтарға жауап алды.

 

Бүгін, 12.02. күні №8 орта мектебінде «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығымен бірлесе отырып, жоспарлы түрде « Қыз – елдің көркі» атты оқу бағдарламасы аясында 8-класс  қыз балаларының қатысуымен, оқу-танымдық кездесу сабағы өткізілді. «Анаға тағзым» орталығының Ұлттық этика пәні мұғалімі Айсын Байтакова және Ұлттық этнография пәні мұғалімі Айнұр Мақсатқызының жүргізуімен, мектептегі қыз балалардың бойында ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, адамгершілік, ибалылық секілді қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараның берер тағылымы мол. Бұл танымдық сабақтар жоспарлы түрде жалғасын табады.

 

 

Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine
Біздің мекен-жайымыз
Средняя школа № 8 Общеобразовательная школа в Актобе